Қазақша Русский

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ МЕН «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары 5 институционалдық реформасының 80 қадамында міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесін енгізуді тапсырған болатын. Президентіміздің реформасын жүзеге асыру мақсатында ауданымыздағы барлық ауыл округтерінде насихаттық топтар құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда жалғасын табуда.
Осы орайда бүгін, Шәуілдір ауыл округінің насихаттық топ мүшелерінің халықпен кездесу жиынына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.
Жиында сала мамандарынан құрылған насихаттық топ мүшелері аталған жүйенің тиімді тұстарын түсіндіріп, арнайы парақшаларды таратты.
Сонымен қатар мәжіліс барысында Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Махатай «Өрлеу» бағдарламасы бойынша арнайы баяндама оқыды.
Жиынға қатысушылар аталған жүйе мен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жұмысшы топ тарапынан, тиісті сала мамандарынан тұшымды жауаптар алды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен «Өрлеу» бағдарламасының бағыттарына арнайы тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді
Жиыннан соң жұмысшы топ үйлерді аралап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен «Өрлеу» бағдарламасының тиімділігін түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастырды.
Осы жұмыстардың нәтижесін байқау мақсатында, аудан әкімі Е.Айтаханов жұмысшы топпен бірге бірнеше отбасына кіріп, отбасы мүшелеріне аталған жүйе мен жобаның әрбір азамат үшін маңызды екенін, жүйеге тіркелуде немқұрайлылық танытпағанымыз абзал екенін де баса айтты.

Back to Top