Қазақша Русский

АЛТЫ АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының «Даму» бағдарламасы индикаторларының орындалуы, құрылыс және күрделі жөндеу мәселелері, сонымен қатар жылыту маусымына дайындық барысы да талқыланды.
Ауданымыздың даму көрсеткіштері төмендегіше атап айтсақ, өнеркәсіп өндірісінің көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайыз болса, электрмен жабдықтау өнеркәсібінде 105,8 пайыз, ал өңдеу өнеркәсібі 104,4 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлем индексі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырмалы түрде 110,3 пайызға жетті.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0 пайыз болды.
Құрылыс жұмыстарының көлем индексі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11,7 пайызға артты.
Жалпы ауданымызда аталған және басқа да көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады.
Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімі Ерлан Айтаханов осы даму көрсеткіштерін төмендетпей, қарқынды жұмыс істеуді сала мамандарына тапсырып, алдағы уақытта ауданға жеке, оның ішінде шетелдік инвестицияны тартуға жұмыс жасауды тапсырды.

Back to Top