Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АЖАРЫ АРТҚАН АУЫЛЫМ

Соңғы жылдары ауданымыздың күн санап артып келе жатқан ажарына, көркіне, келбетіне қатысты тұрғындар арасында жылы лебіздер аз айтылып жүрген жоқ. Бұл жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде талай рет айтылды, жазылды. Осы кезге дейін аудан орталығындағы тар көшелер кеңейтіліп, айналасына жасыл желектер егілсе, жыл басынан бері абаттандыру жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде. Бір ғана Жібек жолы даңғылының бойында аудандық бюджет есебінен жалпы ауданы 2730 м2 аяқжолдар мен автотұрақтар және алаңшалар салынса, даңғыл бойындағы жасыл желектерге 740 метр суландыру жүйесі орнатылды. Көшенің тазалығын қаматамасыз ету мақсатында 26 қоқыс жәшіктері және адамдар бір мезгіл тынығатын 26 орындықтар орнатылуда. Басты көшенің ажары мен көркін арттыру мақсатында 1 субұрқақ , 16 дана кіші архетектуралық кескіндемелер (құмыра, жүзік, білезік т.б.) және 4 дана ратондар бой көтермек.
Сондай-ақ 7 дана бетон арықтардан өтетін арнайы өткелдер және 1 ойын алаңшасы санаулы күндерде пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерді түлету әр бір азаматтың қасиетті парызы екендігін ерекше атап өткен болатын. Бүгінгі таңда ауданымызда қызу қарқынмен атқарылып жатқан игілікті істер Елбасымыздың мақаласында айтылған мәселелермен астасып жатқандығы ақиқат.

Back to Top