Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштері, ауыл шаруашылық кооперативтерін құру және несиелендіру барысы, елдімекендерді ауыз су мен қамту мәселелері кеңінен сөз болды.

Алғашқы болып мінберге көтерілген аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш ағымдағы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштеріне тоқталды. Аудан кәсіпорындары өнеркәсіп өнімдерін шығаруда 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға артық орындаса, ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 112,2 пайызды құраған. Сондай-ақ, баяндамашы ауданымызда мал басы артып, егін егіс алқаптарының көлемі 4083 га ұлғайғандығын жеткізді. Екініші – ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және несиелеу мәселесі бойынша да баяндама жасаған Рыскелді Салхутдинұлы өткен жылы ауданымыз бойынша 127 шаруашылық бірігіп, 20 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылса, ағымдағы жылы 251 шаруа бірігіп, 19 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Аудан бойынша құрылған 39 кооперативтерде 35,7 мың га жайылым, 5,7 мың га суарамалы жер бар. Оның ішінде 21 егін шаруашылығы, 14 мал шаруашылығы, 1 МТС, 3 сүт бағытында жұмыс атқаруда.

Отырарлық «Нұр Шілік» «Ырыс» МКҰ ЖШС арқылы АШӨК сүт өнімдерін қайта өңдеу және құс фермасында құс басының санын 10 мыңға ұлғайту мақсатында қомақты несие алған. Сондай-ақ, МТС техникаларын жаңарту үшін «Қазагроқаржы» банкінен берілетін несиеге қол жеткізген.

Мәжілісте үшінші мәселе бойынша арнайы баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов елдімекендердің таза ауыз сумен қамтылу мәселесін жан-жақты қамтыды. Кейбір елдімекендерде тұрғындардың суды мақсатсыз пайдалануы салдарынан ауызсу тапшылығының орын алуда. Қолданыстағы заң нормаларына сәйкес адам басына тәулік бойы берілетін су көлемі 60 литр болса, тұрғындардың бүгінгі тұтынып жатқаны 124 литр көлемінде болып отыр. Десекте, халық санының өсуін ескере отырып, су тапшылығының алдын-алу мақсатында биылғы жылы 1 ұңғыма, келер жылы 2 ұңғыма орнату жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қорытындылаған аудан басшысы кейбір күрмеуі қиын мәселелердің шешімін дер кезінде табуы үшін ұсыныспен шығуды басты назарға алуды ескертті. Жиында көтерілген мәселелерді талдап, саралаған Ерлан Қуанышұлы ауыл округі әкімдері мен тиісті сала басшыларына жұмыстарын ширату үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Back to Top