Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін ауданымызда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) енгізілуіне байланысты және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ортаға бейімдеу және қолжетімділігін арттыруға бағытталған арнайы жиын өтті.

Жиынға аудан әкімі Ерлан Айтаханов, облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтк-мәдени даму жөніндегі комиссияның белді мүшесі Нұрмахан Жолдасов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, әлеуметті сала қызметкерлері және медицина мамандары қатысты. Жаңа жүйе бойынша атқарылып жатқан жұмыс жөнінде арнайы баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Әбдіғани Жүнісов МӘМС-ды тұрғындарға жан-жақты түсіндіру мақсатында аудандық емхана, кірістер басқармасы, әлеуметті сала мамандарымен 13 ауыл округі, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды толық аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізгендігін атап өтті.

Жиында сөз алған облыстық мәслихат депутаты Н.Жолдасов мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, оларға қол жетімді орта қалыптастыру, мемелкеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында қорытындылаған аудан басшысы Е.Айтаханов облыстық мәслихаттың әлеуметтк-мәдени даму жөніндегі комиссия мүшесінің айтқан ұсыныс-пікірлерін назарда ұстап, аталмыш салада атқарылып жатқан жұмыстарды әліде ширата түсу жөнінде сала мамандарын нақты тапсырмалар берді.

Back to Top