Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының алдында мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, прокуратура, сот, аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының қатысуымен аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов және аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасовтарды «Қазақстан полициясына – 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапаттау рәсімі болып өтті. Медальдарды аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Мұхтар Әбілдаев табыстап, департамент бастығының арнайы алғысын жеткізді.

Мұнан соң аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Құрман жаңадан тағайындалған аудан прокурорының міндетін атқарушы Серік Әбдиевті, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұхтар Әбілдаевты, аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасовтарды депутаттар мен аудан активімен таныстырды.

Жиында аудан басшысы аталған азаматтарға жаңа қызметтерінде табыс тілеп, ауданда заңдылықтың салтанат құратынына сенім білдірді. Осыдан кейін аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясы өтіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Мәслихат депутаты Сәкен Кішібайдың төрағалығымен өткен сессияда аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және 2017 жылғы 27 маусымдағы «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешімінің күшін жою мәселелерін қарап, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

Back to Top