Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АҚИЫҚ АҚЫН ЭТНОАУЫЛДА

Шіліңгір шілденің ыстығы қайта бастаған шақта аудан басшысы мәртебелі меймандарды «Бестораңғыл» елдімекеніндегі «Алаш» этноауылына бастап барды. Құрметті қонақтарды аудан өнерпаздары «Ақ бантик» әнінің шығу тарихына арналған көрініс ұсынып, ары қарай әнді хормен жалғап қарсы алды.

Жеке кәсіпкер Алмас Сыздықбеков ұйымдастырған этноауылда қазақтың өткені мен бүгінінен хабар беретін дүниелер жетерлік. Аталған этноауылда құрметті қонақтар қазақтың салт-дәстүрлерінен, ұлттық спорттық ойындарынан көріністер тамашалап, қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді.

«Еңсесі биік ақ орда, Еңкеймей кірсем деп едім» деп, Махамбет ақын айтпақшы, мерейтой иесі мен қонақтар он алты қанат ақ боз үйге кіріп жайғасты. Ұлтымыздың дәстүріне сай меймандарға қойдың басы мен сыбағалары тартылды. Дастархан басында ұлттың өткені мен бүгіні, әдебиеті мен өнері, болашағы жөнінде келелі әңгімелер айтылды. Аудан әкімдігі ақын Мұхтар Шахановқа және сол кісімен бірге келген зиялы қауым өкілдеріне естелік ретінде кәде-сыйлар ұсынды.

Жергілікті өнерпаздардың орындауында күмбірлеген күйлер тартылып, әуені алты қырдан асатын әсем әндер айтылып, жиналған көпшілік ерекше көңіл-күймен тарасты.

Back to Top