Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

27 маусым күні алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясы өтіп оның жұмысын сессия төрағасы, депутат Ж.Нұров ашып жүргізіп отырды.

Депутаттар форумында газетіміздің 23 маусымдағы санында жарияланған күн тәртібіне ұсынылған мәселелерге қосымша ретінде «Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы «Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы» №24/141-Ү шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы «Отырар аудандық мәслихатына депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» №24/142-Ү шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» №24/143-Ү шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы», «Отырар ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» және «Отырар аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» мәселелер де ұсынылды. Бұл мәселелердің барлығы аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Ә.Құртаевтың төрағалық етуімен өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісінде тоғыз мәселе қаралып, әбден пысықталғандықтан сессияның жұмысы онша ұзаққа созылмады.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелерге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Бейсенова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Оралбай (бұл мәселеге байланысты депутаттық топ жетекшісі, депутат Қ.Нұрқұлов), аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары М.Жуасбай мен өз жұмыс саласы бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары А.Құдайбергеновтер хабарлама жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов қатысып отырған халық қалаулыларының форумында бюджеттің атқарылуына байланысты облыстық тексеру комиссиясының жауапты өкілі Т.Ботабеков те түсініктеме берді.

Сессияда күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты арнайы шешімдер қабылданып, депутаттардың бірауыздан қолдауларымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып депутат С.Кішібай сайланды.

Back to Top