Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖАСЫЛ АЛАҢДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Бүгін мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай спорттың арқан тарту, кір тасын көтеру және кіші футболдан орталық спорт кешенінде жарыс болып өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Құрман, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар шараға қатысушыларды салауатты өмір – салатын қалыптастырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей ел тұрғындарының кемінде отыз пайызын бұқаралық спортқа тартудың маңыздылығына тоқталып, жарыс ұйымдастырушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайдың тасындай іріктелген сегіз команда спорттың үш түрінен кім мықтыны анықтау үшін өзара күш сынасуда. Жарыс түстен кейін өз мәресіне жетеді. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Back to Top