Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, мұң-мұқтаждары мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген азаматтар жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, тұрғын үйін жөндеуге қаржылай көмек алу мәселелері бойынша өз өтініштерін білдірді.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, түскен өтініш-тілектерді таразылай келе аудан басшысы қолданыстағы заң нормаларына сәйкес орындалу қажеттілігін айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Өтінішпен келгендердің көпшілігі жұмыс сұрап келгендер екен. Оларға еліміз бойынша жұмыссыздық мәселесінің өзекті екендігін айта келе, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу ұсынылып, кәсіптік білім алу немесе несие алып шағын кәсіпкерлікпен айналысу жөнінде кеңестер берді.

Back to Top