Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Тарихтан көп тепіріш көрген халықтың бірі қазақ ұлты екендігіне ешкім дау айталмаса керек. ХХ ғасырда түрлі төңкерістер мен қолдан жасалған ашаршылық және репрессия секілді нәубеттер қазақ зиялыларының басына қара бұлт үйіріп қана қойған жоқ, пейілі дархан, жаны жомарт, қонақжай ұлтымыздың тең жартысының басын жалмандығына тарих куә.

Осы орайда «Кеңес Одағы аумағындағы 1932-1933 жылдары болған ашаршылық адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі еді. Сол кездерде Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 млн астам адамның өмірін жалмады. Қазақ сондағы жасанды зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі еді» , - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін ауданымызда «31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай өткізілген шараға жазықсыз құрбан болғандардың ұрпақтары мен ауданның зиялы қауым, жастар, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдыры өкілдері қатысты.

«Қасірет мемориалына» аудан әкімдігі мен Ардагерлер кеңесі атынан гүл шоқтарын қоюдан басталған шара барысында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов «Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Сондықтан да, ұлтын сүйген кешегі арыстардың тұлғасы уақыт өткен сайын ірілене түспек. Өткен ғасырдың 19-40 жылдарында «халық жаулары» ретінде атылған сталиндік үлкен террордың құрбандары тәуелсіздік алғаннан кейін Ұлт батырлары болды» - деді.

Респрессия құрбандарын еске алу шарасы ары қарай мектеп оқушыларының тарихтың ақтаңдақтарына арналған отты жырларымен жалғасып, «Руханият» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы арнайы дайындалған көрме мен бейнефильм көрсетіліміне ұласты.

Back to Top