Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Бүгін 18 мамыр-Халықаралық мұражай күніне орай аудан орталығындағы «Керемет» ойын- сауық орталығында ауданымыздағы қолөнершілермен мен қылқалам шеберлері туындыларының жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімдігі мен Отырар археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен өткен шарада түрлі қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып, қонақтардың қызығушылығын оятты.

Жәрмеңкеге арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов мұражай қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ауданымызды туристік ірі орталықтың біріне айналдыруда қолөнер мен қылқалам шеберлерінің үлесі зор екендігін айтқан аудан басшысы жергілікті қолөнер шеберлерін қолдау керектігін сөз етті.

Мұнан соң аудан әкімі көрмені аралап шығып, қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысты.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатқан көрменің мақсаты жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларын насихаттай отырып, ауданымызға келетін шетелдік туристердің қызығушылығын ояту болып табылады.

Шара соңында шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар сарапшылардың сараптауынан өтіп, жеңімпаздар анықталып, арнайы сый-сияпаттар жасалады.

Back to Top