Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Т.Елекеев баяндама жасады.

Биыл Сырдария өзенін бойлай орналасқан бірқатар аудандарда шыбын – шіркейлердің жаппай шоғырлануы байқалды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігінде арнайы жиын өтіп, облыстық бюджеттен облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқарамасы арқылы қаржы қаралды. Осы қаржыға шіркейлерді көбейтпеу және оның таралу ошағын анықтап, алдағы уақытта болдырмау үшін ғылыми сараптамалық жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Екінші мәселе бойынша аудандық орталық емхананың бас дәрігері Файзулла Шырынбеков есеп берді. Орталық емхананың 2016 жылғы және осы жылдың 4 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Үшінші мәселе бойынша аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Базаркүл Анарбаева есеп берді. Кеңес мүшелеріне орталық аурухананың 2016 жылғы және ағымдағы жылдың басынан бері атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндап, кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Кеңес мүшелері 3 баяндамашыныңда есептерін назарға алып, болашақта жұмыстарын ширату қажеттігін айтты.

Back to Top