Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ОТЫРАРЛЫҚТАР ТЕМІРБЕГІН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін ауданымызда Ұлы Отан соғыстың 72 жылдық мерекесі қарсаңында Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Темірбек Ибрагимовті еске алуға арналған тоғызқұмалақтан облыстық ашық біріншілік басталды.

Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған спорттық шараға өңіріміздің 10 ауданынан және Алматы қаласы мен Алматы облысынан жалпы саны 12 кұрама бақ сынауда.

Дәстүрлі шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті Ұлы Жеңіс күні мерекесімен және біріншіліктің ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Ауданымызда соңғы жылдары жылдам қарқынмен дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі – тоғызқұмалақ. Оған дәлел, жерлестеріміздің республикалық, халықаралық турнирлерде толағай табыстарға қол жеткізіп жүргендігі.

Зейінділердің ойынында 200-ден аса тоғызқұмалақшылар кешке дейін өз өнерлерін ортаға салып, шеберліктерін паш етпек.

Сайысты ұйымдастырушылар спорт бәсекесінде үздік шыққан құрама командалар мен жеке ойыншыларға арнайы дипломдар, естелік медальдар және бағалы сый-сияпаттарды табыстайды.

Back to Top