Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК

Еліміздің басты құндылықтары-бостандық пен тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық. Ал, осы тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің баянды, бейбіт өміріміздің тыныш болуын күзететін қарулы күштеріміз, ол қазақ әскері. Отанды қорғау әрбір азаматтың абыройлы әрі қастерлі борышы. Сондықтан әр азамат Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеуге асығып, әскер қатарында болуды қалайды.

Бүгін аудандық қорғаныс бөлімінде әскерге аттанғалы тұрған отырарлық жас сарбаздарды салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысып, сарбаздарға ақ жол тіледі.

Сондай-ақ жиында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының хатшысы Жаңабай Сатыбалды мен аудандық әскери шақыру комиссиясының мүшесі, ауған соғысының ардагері Биса Орынбек Еділұлы әскер қатарында болып елді қорғау абыройлы іс екенін айтып, сарбаздарды Отан алдындағы антына адал болуға шақырды.

Шара барысында аудандық қорғаныс бөлімі сарбаздарға арнайы сыйлықтар таратып, Отан қорғаушылардың рухын көтеретін патриоттық әндер шырқалды. Жиын соңында жас сарбаздар сапқа тұрып ел тыныштығын күзетуге аттанып кетті.

Back to Top