Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Отырар аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы қаралған мәселелердің бірі қоғамдық институттың мүшелері ауданның Құрметті азаматы Мырзахмет Темірбековті кеңес төрағасы етіп сайлауы болды.

Бұдан соң кеңес мүшелері Руханият - әл-Фараби мұражайының директоры Алмас Жұмашовтың 2016 жылы атқарған жұмыстары мен биылғы жылы алға қойған жоспарлары жөніндегі есебін тыңдады.

Өткен жылы 3500-ге жуық экспонаты бар тарихи мекеме 860 түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырып, өткізілген шаралар барысында 10839 турист қабылдаған.

Ал, биылғы жылғы жұмыстардың ауқымы өткен жылғыдан кем болмайтынын сөз еткен мұражай директоры ағымдағы жылы 52 мәдени іс-шаралар мен көрмелер өткізу, EXPO-2017 көрмесі аясында келетін туристерге қолайлы жағдайлар жасау мен музейдің альбом-кітабын, ақпараттық буклеттер шығару, жәдігерлердің сипаттамалы заттаңбаларын үш тілде дайындау алда тұрған міндеттердің негізгілері екендігін атап өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдында 2017 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы қаулы жобасын ұсынып, қорытынды алу үшін аудандық жер қатынастары және ауылшарушалық бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық хабарлама жасады.

Сондай-ақ, соңғы мәселе бойынша аудандық тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Ержан Исмайлов жолаушылар тасымалының бағыттары мен аялдамалар салу жөнінде атқарылатын жұмыстар туралы жобаларды кеңес мүшелеріне таныстырып, жиын барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, жүзеге асыратын болып шешілді.

Кеңес мүшелері қос бөлім басшыларының қаулы жобаларын бірауыздан мақұлдап, қолдау білдірді.

Back to Top