Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін облыстық және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы туберкулезге қарсы ауруханасының қызметкерлерімен кездесу жиынын өткізді.

Жиынның мақсаты – кереғар діни ағым идеяларының таралуының алдын алу, көпшілікке Қазақстандағы қалыптасқан дәстүрлі діндер мен жат ағымдардың ара жігін ажыратып, түсіндіру. Кездесуді аурухананың бас дәрігері Мамақов Шохан Жеңісбекұлы ашып, жүргізіп отырды.

Бірінші болып сөз алған ішкі саясат бөлімінің басшысы Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы жиынның мақсатын түсіндіріп, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін таныстырды.

Басқосуда Созақ ауданының бас имамы Әлжан Төрехан Сейілханұлы Қазақстан қоғамындағы дәстүрлі емес салафизм, такфиризм және өзге де дін атын жамылған ағымдар туралы тақырыптарға кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында сөз алған Отырар ауданының бас имамы Биімбетов Серік Нышанбайұлы жат ағымдардың белгілері мен оның дәстүрлі діндермен қайшылықтары айтып, көпшілікті қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен біте қайнасқан дәстүрлі дінді ұстанып, жамағаттан жырақ қалмай, ауызбіршілікте болуға шақырды.

Жиында облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» тапсырысы бойынша арнайы шығарылған кітаптар таратылып, дәрігерлерден келіп түскен сұрақтарға топ мүшелерінен тұщымды жауаптар берілді.

Back to Top