Қазақша Русский

Лейшманиоз ауруы

Лейшманиоз — инфекция адамды шаққан кезде жұғатын кішкене құм масасы арқылы адамға тарайды. Аурудың кейбір түрлері организмнің ішіне зақым келтіреді. Бұл тері лейшманиозы қазіргі таңда Мақтаарал, Шардара, Отырар аудандарында тұрғындар арасында кездесуде. Сондықтан Отырар ауданы тұрғындары жара анықталған жағдайда дәрігерге тез арада көрінуі керек. Халық емшілері тері лейшманиоз ауруын емдейміз деп түрлі дәрі-дәрмектерді ашық жарақат бетіне себуі салдарынан,жара ұлғайып жазылуы ұзаққа созылуда .

Қоздырғыштары мен таратушылары.

Висцералды лейшманиоз ауруының табиғи резервуары - ит, қасқыр, шибөрі, таратушысы - москит.

Жұғу жолдары. Ауырған жануардың қанын сорған москит адамды шаққанда сілекей безі арқылы адам қанына тарап, ауруға шалдықтырады.

Адамдар арасында лейшманиоздың 2 түрі кездеседі.

  1. Антропонозды түрі (қалалық түрдегі лейшманиоз).
  2. Зоонозды түрі (ауылдық түрдегі лейшманиоз).

Клиникасы - ауру белгілері сырқаттану барысында терілік лейшманиозда бірінші алқызыл түсті тез үлкейетін 2-3 мм көлемді төмпешік пайда болады, 1-2 апта өткен соң орталығы өлі еттенген, шеттері айқын емес, серозды-іріңді, басқан кезде ауырсынатын 1-1,5 см көлемді жара пайда болады. Қан анализінде лейкоциттердің, гаммаглобулиннің азаюы байқалады.

Антропонозды терілік лейшманиоз

Инкубациялық кезеңі 2-8 ай.

Біріншілік лейшманиоз қызыл-қоңыр түсті 1-2 см түрде көрінеді.

5-10 айдан кейін (жара дөңгеленген, көтеріңкі инфильтратпен қоршалған, аз бөліндімен, серозды-іріңді, қоңыр қабықша болып кеуіп қалады.)

Зоонозды терілік лейшманиоз

Инкубациялық кезеңі 1-14 апта.

Тез дамиды. Төмпешік күшті қабынулық инфильтратпен, айқын емес шекарасымен, ісікпен фурункулға айналады. Сондай-ақ жан-жағында жараның шығуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталады.

Профилактикалық шаралар:

  1. Емдеу мекемелерінің санитарлық тазалығын сақтау.
  2. Адамдардың жеке басын москиттерден қорғауы.
  3. Лейшманиоздың табиғи резервуарларымен (иттер, қасқырлар, шибөрі) күрес жүргізу.
  4. Лейшманиоз ауруы тіркелген табиғи ошақтарда москиттерге қарсы шаралар жүргізу.

Емдеу жолдары

  1. Іріңді қайнатылған салқын сумен жуыңыз.
  2. Жараға 10—15 минөтке ыстық, (тері күймейтіндей ыстық) дымқыл шүберек басыңыз.
  3. 10 күн бойы күніне 2 реттен осылайша жасаңыз. мұндай жылы емдеу жараның толық жазылуына себін тигізеді.
  4. Егер жара жұқпалы болса (зардапты қызыл) сонымен бірге антибиотиктер беріңіз.

Райымқұл Әли Қонысбекұлы,

аудандық емхананың

дәрігер-эпидемиологі.

Сәрсенбаев Абзал Болатұлы,

дәрігер-дерматовенеролог.

Back to Top