Қазақша Русский

«Электронды үкімет порталы» туралы біз не білеміз?

Бүгінгі таңда Электронды үкімет деген сөзді жиі естиміз. «Электронды үкімет» ұғымы барлық мемлекеттік органдарды біріктіреді. Халыққа интернет, арнайы терминалдар тіпті ұялы телефон арқылы да қызмет көрсетіледі. «Электронды үкімет порталы» арқылы қажетті қызмет түрін алу үшін «сандық қолтаңбаңыз» болуы қажет. Оны Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала аласыз. Сандық қолтаңба-бұл сіздің құжаттарыңыздың электрондық деректемесі. Көлік кептелісі мен кезек күтіп уақытыңызды жоғалтпайсыз. Бүгінгі таңда сандық қолтаңба арқылы зейнетақы салымдары туралы мәліметті, мекен-жайыңыз, істі және сотталмағаныңыз туралы анықтамаларды ала аласыз. Жылжымайтын мүлік туралы анықтама да беріледі. Салық және айыппұл төлеуге де болады. 2007 жылдың 13 тамызынан бастап«АХАТТП» ақпараттық жүйесі жұмыс істеп келеді. Осы мақсатта «Жеке тұлғалар» мемлекеттік мәліметтер базасы қалыптасты. АХАТ ақпараттық жүйесі азаматтық хал актілерін тіркеу үшін қалыптастырылған.

Жаңа электрондық қызмет енгізіліп, «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштер қабылдануда. Өтініш беру үшін «Электрондық үкімет» порталында (www.egov.кz) авторизациялау жүргізіп, өтінішті толтыру жеткілікті – жүйеге некеге тұратын адамдар туралы деректер енгізіліп, электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қойылады, осылайша ұзақ кезектерде тұрудың және мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Өтінішті беруге мемлекеттік баж төлемі электрондық үкіметтің төлем шлюзінің автоматтандырылған жүйесі арқылы іске асырылады.

Қазіргі танда онлайн режимінде неке қиюға арыз беруімен қатар неке бұзуға және тегін өзгертуге арыдануға мүмкіншілік бар.Онлайн режимінде некені бұзу кәмелетке толмаған балалары жоқ жұптардың өзара келісімі болған кезде жүргізіледі. Аталған қыз­мет 2008 жылдың 1 маусымынан кейін некелес­кен азаматтарға ғана қолжетімді екендігін еске сала кетейік. Себебі, ақпараттық жүйеде неке туралы мәліметтер көрсетілген кезеңнен бастап енгізілген.Егер некені бұзуды кәдімгі тәртіпте тіркеген кезде әділет органына 3 құжат тапсырылса (жұбайлардың бірлескен өтініші, олардың жеке басын куәландыратын құжаттары, неке қию туралы куәлік), электрондық үкімет порталы арқылы өтініш білдірген кезде жұбайлардың жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу және өтінішті электрондық сандық қолтаңбамен растау жеткілікті. Қызмет көрсету нәтижесі некені бұзу туралы куәлікті алатын уақыт пен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің орналасқан жері туралы ақпараты бар хабарлама болып табылады.

Некеге тұрғаннан кейін немесе оны бұзғаннан кейін текті өзгерту кезінде уақытты үнемдеуге е.gov.kz. электронды үкімет порталы көмектеседі. Тегін өзгерту туралы өтініш беру үшін міндетті АХАТ-қа барудың қажеттілігі жоқ, онлайн-өтініш толытыру жеткілікті. Е-өтінішті беру үшін www. е.gov.kz. порталында тіркеліп және электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) болу қажет. «Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге электронды өтінішті беру» қызметі «Отбасы» бөлігінде «Онлайн қызметтер бір тізіммен» категориясының тұр. Нысан жолдарын толтырғаннан кейін, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін негізін таңдау қажет: неке қию немесе неке бұзу. Осыдан кейін өтініш электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылады. Үш жұмыс күннің ішінде өтінішкерге өтінішті қабылдау туралы немесе түсініктемемен бас тарту туралы хабарлама алады. Мәселе оң шешілген жағдайда, хабарландыруда тегін, атын, әкесінің атын тіркеу үшін және куәлік АХАТ бөлімінің мекен-жайы, уақыты мен күні көрсетіледі. Қызмет алу үшін баж сомасы электрондық түрде өткізіледі кез келген банктың төлем картасы немесе банкте өтінім-шот арқылы.

Егер электронды түрде берілген өтініште қате мәліметтер көрсетілсе немесе дұрыс толтырылмаса бас тарту туралы дәлелді себебі көрсетіліп, хабарлама жолданады. Бұл қызмет азаматтардың уақыт үнемдеуіне, АХАТ саласы бойынша қызметті жедел алуда өте ыңғайлы, әрі кедергісіз арыз беруге мүмкіндік туады. Тұрғындар әлемнің кез келген жерінен некеге тұру, неке бұзу, тегін өзгерту үшін электронды түрде арыз бере алады. Қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды сандық қолтаңба алуға мүмкіндік бар екендігін еске сала кетейік.

Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

Сәрсенбай Сәуле Тұрғанбайқызы

Back to Top