Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ОТЫРАРЛЫҚТАР ТАҒЫ ДА ЕРЛЕДІ

Бүгін облыс орталығы Шымкент қаласында Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды.

Мерекелік шараны ашқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қала тұрғындары мен арнайы шақырылған қонақтарды Ұлыстың ұлы мейрамы әз-Наурызбен құттықтады.

Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының шешімімен осы өңірге елеулі еңбегі сіңген, ардақты ағаларымыз бен апаларымызға «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілген болатын. Аймақ басшысы мерекеге жиылған көпшіліктің алдында осы азаматтарға «Құрметті азамат» куәлігі мен төсбелгісін тапсырып, мықты денсаулық, шаңырақтарына шаттық тіледі.

Алғашқы болып облысымыздың төрт ауданын абыроймен басқарған, Тәуелсіз Қазақстанның Парламенті Сенатының соңғы екі шақырылымындағы сенаторы, жерлесіміз Қуаныш Айтаханов марапатталды. Сондай-ақ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметовтер де осындай құрметті атаққа ие болды.

Қоғамның әр саласында жүзден жүйрік шығып, даңқы алысқа кеткен отырарлықтар жерлестерін бүгінгі марапаттарымен құттықтай отырып, әрдайым мақтаныш етеді.

Back to Top