Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚЫЗУ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қызметіне кіріскен күнінен бастап аймақты кең көлемде абаттандыру, көгалдандыру, бос жатқан шатқалдарға ағаш егіп, саябаққа айналдыру ісіне ұйытқы болып келеді. Аталған жұмыстар облыста кең қолдауға ие болып, жалғасын табуда.

Бүгін ауданымызда өткен жалпыхалықтық сенбілікке барлық ауыл округтері, мекемелер мен ұйым қызметкерлері және ауыл тұрғындары арасынан шыққан еріктілер қатысты. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов өтіп жатқан сенбіліктерге өзі белсене қатысып, үлгі көрсетті. Аудан басшысы алдымен Талапты ауылына қарасты жол жиегіндегі жасыл аймақта болып, көшет отырғызу жұмыстарын көріп қайтты.

Мұнан соң Темір ауылындағы үлкен жол жағасындағы үйлердің қоршаулары мен қақпаларын сырлап, әктеп, аулаларын тазарту жұмыстарының барысын бақылады. Аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің сырт келбетін жаңарту, коммерциялық нысандардың қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде екен. Арыс ауылындағы «Жасыл аймақта» ағаш отырғызуға аудан басшысы қолына күрек алып, өзі кірісті. Қоғам ауыл округінде де осындай жұмыстар қызу жүргізілді.

Сенбілікте мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созған қайырымды азаматтар да болды. Ұйымшылдықпен өткен сенбілікте көп шаруалар атқарылды. Мұндай шара көктемнен бері бірнеше рет өткен болатын. Және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Back to Top