Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

Бүгін аудандық «Ардагерлер» ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудан әкімдігі мен мәслихаты мерекелік дастархан жайып, ардагерлерге құрмет көрсетті.

Жиынға аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтар арнайы қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев ұйымның отыз жылда атқарған істеріне тоқталып, баяндама жасады. Баяндамадан соң сөз алған аудан басшысы: «Ежелден «алпысқа келгеннен ақыл сұра» деп өскен біздің халық үшін ақсақалдарға жақсы жағдай жасап беру ғана емес, олардың ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену де қоғамдық маңызы зор істердің бірі болып саналады. Қызмет барысында түйткілді мәселелер туындағанда сол салада ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарған ардагерлер кеңесіне жүгінеміз.

Бүгінде ауданымызда халықты айтқан сөзімен өзіне қарататын, атқарған ісімен көпшілікке үлгі, елдің бірлігі мен тыныштығы үшін аянбай тер төгіп жүрген данагөй қарияларымыз бар. Қазақ халқының «жастардың қайырлысы – қарттарға ұқсағаны» деп атап өткен. М.Өксікбаев, М.Темірбеков, М.Әлімбаев, С.Жаңабай бастаған қарияларымыз өскелең ұрпақ - жастарға ақыл-кеңесін беріп келеді. «Қарттарым, аман-сау жүрші» деп, Мұқағали ақын жырлағандай, «ардагерлеріміз әрдайым аман болсын» деген тілек айтқым келеді» деді.

Мұнан соң аудан әкімі және мәслихат хатшысы белсенді қарияларды Алғыс хаттармен марапаттап, иықтарына зерлі шапан жапты.

Облыстық «Ардагерлер» ұйымының өкілі, облысқа белгілі азамат Әбдіғани Ташқараев отырарлық қарияларды арнайы құттықтады.

Ән-жырмен көмкерілген мерекелік жиында Е.Айтаханов аудан әкімдігі атынан республикалық ардагерлер ұйымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Back to Top