Қазақша Русский

ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ – ГҮЛДЕНЕМІЗ БӘРІМІЗ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов түркі халықтарының ұлық мерекесі әз-Наурыз қарсаңында көктемгі абаттандыру, көгалдандыру, сырлау, әктеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында коммуналдық сала өкілдерімен Шілік, Ақтөбе, Темір, Шәуілдір, Талапты, Қоғам ауыл округтерін аралады.

Жұмыс барысында көктемгі мезгілде табиғатпен бірге ауылдың да ажарлануы керектігін айтқан аудан басшысы аталған мәселелерді атқаруға тек қана аудан әкімдігінің толық мүмкіндігі жетпейтіндігін жеткізді. Осы мақсатта тұрғындар мен кәсіпкерлерді жұмыла жұмыс жүргізуге белсене атсалысуға, ауылдың ажарына сән кіргізуге үндеді.

Ауданның әрбір тұрғыны өзінің үйінің қоршауын, қаскелбетін әктеп, сырлап, тазалық жұмыстарын тиянақты әрі, тұрақты түрде жүргізуі қажет-ақ. Сонымен қатар, күре жолдың бойында орналасқан кәсіпкерлерлік нысандардың қаскелбетін, айналасын әктеп, сырлау да күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Аралау сәтінде аудан басшысы отырарлықтарды күллі Алаш баласына нәсіп болған әз-Наурыз мерекесін гүлденген, көркейген тарихи өлкеде жоғары деңгейде қарсы алуға шақырды.

Back to Top