Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АРДАГЕРЛЕР АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕ БАҒЫН СЫНАДЫ

Биыл ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл. Осы мерейлі күнге орай бүгін дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен спорттың шахмат, дойбы және бильярд түрлерінен ашық біріншілік болып өтті.

Біріншілікке ауданымыздағы барлық ауыл округтерінен 40-қа жуық ардагерлер қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. - Құрметті ардагер ағалар, Сіздердің елге еткен еңбектеріңізді аудан жұртшылығы еш уақытта ұмытпайды.

Тәуелсіз еліміздің өсіп- өркендеуіне қосқан үлестеріңіз орасан. Барлық жерде билік, үкімет жұмыс жасаған кезде өздеріңіздің ақыл - кеңестеріңізге сүйене отырып, саясат жүргізеді. Еліміздегі тыныштық пен бірліктің берік сақталуына ардагерлер ұйымының қосып отырған үлесі орасан зор.Көкірегі кемел ойларға толы Сіздердің арамызда ақыл- кеңестеріңізді беріп, аман-есен жүре берулеріңізге шын жүректен тілектеспін,- деді аудан әкімінің орынбасары.

Біріншілікте жарыс қызу басталып, ардагерлер бақтарын сынап бәсекеге түсті. Жарыс барысында ардагерлер дәстүрге айналған игі шараны ұйымдастырып жүрген тиісті сала басшыларына алғыстарын айтты. Сайыстың барлық түрінен жүлдегер атанған ардагерлер арнайы дипломдармен марапатталып, сый-сияпаттар табысталды. Жарыс нәтижесінде шахматтан 1 орынды Талапты ауылынан келген Сабыржан Арысбаев иеленсе, 2 орынды шәуілдірлік Момбек Үсенбаев, 3 орынды шәуілдірлік Сейділдахан Елбасы иеленді. Дойбыдан темірлік Қалдыбек Қасымбеков 1 орын, қарғалылық Төребек Асылбеков 2 орын, ақтөбелік Байқадам Омаров 3 орындардан көрінді. Ал, бильярдтан 1 орын Арыс ауылынан келген Жұман Досжановқа бұйырса, 2 орынды көксарайлық Шертай Сейітқазиев иеленсе, ал 3 орын Ақтөбе ауылынан келген Темірхан Төлешовке бұйырды. Өзге ардагерлер «Жеңіске талпыныс» , «Ерекше дарынды ойыншы», «Ең жылдам партия», «Ең ұзақ серия» атты номинацияларға ие болды.

Back to Top