Қазақша Русский

ӨКІЛЕТТІЛІКТЕР ӨМІРШЕҢДІКТІ КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі "ҚР Конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Бүгінде Елбасы Үндеуі мен Ата заңға енгізілген өзгерістер халық арасында қызу талқылануда. Осыған байланысты еліміздегі елеулі өзгерістерді назардан тыс қалдырмайтын халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ауданымызға арнайы келген облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Аққұм, Балтакөл ауыл округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдос Құлмаханов ашып, жүргізіп отырды.

Жиында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ОҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Сәбденов пен облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Қайрат Төлебаевтар Заңда енгізілген өзгерістерге тоқталып, демократиялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттері жайлы әңгімеледі.

Елбасы зерттеп, зерделеп, еліміздің дамуын әрі қарай жеделдету мақсатында саяси жүйені реформалауды ұсынды. Мұндағы басты мақсат – демократиялық жолмен елдің дамуын жеделдету. Сондай-ақ, ел басқарудағы саяси жүйені нығайту, оны жетілдіру болып тұр. Өйткені қоғам өзгерді, ал билік соған сәйкес болуы қажет.

Кездесуде көкейде жүрген сауалдарын қойып, еліміздегі конститутциялық өзгерістер туралы жан-жақты мағлұматтар алған ауыл тұрғындары облыстан келген ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.

Back to Top