Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ШАРУАЛАРҒА АСА ҚАЖЕТ СЕМИНАР

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен қала іргесіндегі «КазАгроном» өндірістік жылыжай кешені аумағында облыстық семинар болып өтті.

Семинарға аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған бір топ шаруалар арнайы қатысты. Шарада жылыжай кешенін дамытудың жолдары мен тетіктері талқыланды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, ғылыми орталықтар мен қаржы ұйымдарының өкілдері кооперативтерге бірігудің тиімділігі мен мемлекеттік қолдаудың түрлерін шаруаларға кеңінен түсіндірді.

Ғалымдар жылыжайда көкөніс өсірудің озық технологияларымен бөлісіп, шаруаларды толғандырған сауалдарына жауап берді. Семинардың мақсаты шаруалар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Ұсақ шаруа қожалықтарының бірігуіне мүмкіндік жасап, сол арқылы өнім көлемін арттыру.

Мұнан соң отырарлық шаруалар «ZERO MAXKZ» жылыжай құрылымдарын өндіру зауытында болып, жылыжайға қажетті құрылғылар мен жабдықтарды көзбен көріп, танысып қайтты.

Back to Top