Қазақша Русский

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР САРЫАҒАШТА

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына орай, аудан әкімі Ерлан Айтаханов бір топ отырарлық кәсіпкерлер мен шаруаларды Сарыағаш ауданына тәжірибе алмасу мақсатында арнайы іс-сапарға жіберді.

Сарыағаш ауданы, Жарты төбе ауылдық округіндегі «Фарух» және «Шарипа» шаруа қожалықтарына қарасты жылыжайларда болып, олардың іс тәжірибесімен танысты. Жылыжай иелері көп жылдан бері осы шаруамен айналысқандықтан мол тәжірибе жинақтаған.

Мамандар жылыжайдың құрылысы мен жылу жүйесін құруды және көкөніс дақылдарының оңтайлы мерзімде егу мен күтіп-баптау тәсілдері жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. Көкөністерді түрлі зиянкестерден қорғау шаралары мен қажетті дәрумендерді уақытында беру арқылы өнімділікті арттыруға болатындығы туралы айтты.

Отырарлық дихандар өздерін толғандырған көптеген сауалдарға нақты жауап алып, алған тәжірибелерін іс жүзінде іске асыруға құлшына кірісетіндерін айтып тарқасты.

Back to Top