Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

КҮМІС ЖҮЛДЕ – ҚҰРАЛБАЙДА

Өткен аптада Еуропаның төрінен Отырарға жағымды жаңалық келіп жетті. Германияның Гейделберг қаласында парадзюдошылар арасында өтіп жатқан халықаралық "German Judo-2017" гран-при турнирінде жерлесіміз, ардагер спортшы Құралбай Орынбасарұлы 73 кг салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Күш-қуаты бойында, жас кезінде біздің Құралбай самбо күресінен 3 дүркін Азия чемпионы, Әлем Кубогының қола жүлдегері, Қазақ күресінен Азия және Европаның чемпионы атанған. Даңқты жерлесіміз Құралбай өткен жылы Рио-де-Жанейрода өткен параолимпиада ойындарына қатысқан болатын.

Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Отырар ауданының Құрметті азаматы», «Самбо күресінен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы» Құралбай Орынбасарұлын жерлестері жарқын жеңісімен құттықтайды.

Жерлесіміздің алдағы жарыстарда да биіктерден көрініп, еліміздің көк байрағын желбірете беруіне тілектеспіз!

Back to Top