Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін ауданымызда жалпыхалықтық сенбілік шара өтіп, барлық ауыл округтері, мекемелер мен ұйымдарды қамтыды. Көктемнің алғашқы сенбілік шарасына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, тұрғындармен бірге жұмыс істеді. Әкімнің белсенділігі өзге қатысушыларға жігер беріп, жұмыстар көтеріңкі көңіл күймен атқарылды.

Сенбілік ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Темір ауылы тұрғындарының игілігіне берілген спорт кешенінде бастау алып, көшет отырғызу ісі Шілік ауылында жалғасын тапты.

Темір ауылына кіре берістегі үлкен жолдың оң жағына жағалай жас көшеттер отырғызылды. Басқа да ауыл округтерінде ұйымдастырылған сенбілікке ауыл тұрғындары белсене атсалысты.

«Ардагерлер» саябағы толық тазаланып, дауылдың зардабынан сынған ағаш бұтақтары оталып, тәртіпке келтірілді. М.Шойманов ауылындағы жаңадан бой көтерген саябақта да осындай шаралар атқарылды.

Шуақты күн нұры күш пен серпін беріп, көктемгі науқанды біркісідей жұмылып, атқарған отырарлықтар бұл сенбілікте саябақтарға ағаш көшеттерін егумен қатар, ескі талдардың түбін әктеп, қоршауларды сырлап, ауылдың ажарына сән қосты.

Биыл отырарлықтар жерімізде өсуге бейім жалпы саны 30 мың түрлі ағаш көшеттерін отырғызады.

Back to Top