Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӘКІМІ АҚЫНЫН ІЗДЕГЕН КҮН

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтар Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың қонақжай шаңырағына арнайы ат басын бұрып, көктемнің тамаша мерекелерінің бірі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Әкім ақынға зерлі камзол кигізіп, иығына шашақты орамал жапса, хатшы ақынның шабытты шағында сүт қатқан қою күрең шай ішетін ыдыс сыйлады.

Осыдан кейін әңгіме шай үстінде жалғасты. Айтыс өнерінің ақтаңгері еліміздің кешегісі мен бүгінгісін салыстыра отырып, келелі әңгіме қозғады. Ауданның барлық салада дамуы жөнінде кесек-кесек ойлар айтылды.

Шығыс даналығында «Әкімі ақынын іздеген ел бақытты» деген қанатты сөз бар. Зеңгір көктен құйылған шуақты күнде құттықтап барған әкімге ақынның айтқан алғысы да алғаусыз болды.

Back to Top