Қазақша Русский

ЕКІ ҒАСЫР КУӘГЕРЛЕРІ

Мерекелік дастарханнан соң аудан әкімі Ерлан Айтаханов 100 жастан асқан отырарлық аналарды құттықтады.

Аудан басшысы бірінші 100 жастан асқан, екі ғасыр куәгері, Пәк-Ана Хадиша Бекқұлиеваның шаңырағына аялдады. Әлі де тың апамыз құттықтап келгендердің бәріне алғысын жаудырып, дәмге шақырып жатты. Аудан әкімі Хадиша апаны мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын тапсырды.

Мұнан соң шәуілдірлік Қаншайым Құрманбаева, шыттылық Мауия Байғозиева, көксарайлық Нәзікүл Құлманова және балтакөлдік Сәлима Жүнісоваларға да осындай сый-сияпаттар жасап, құрмет көрсетті. Шөбере-шөпшек сүйіп, алақандарынан май жалаған қос ғасыр куәгерлері әкімге рахметтерін айта отырып, Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болып, сара жолда ел бастаған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Back to Top