Қазақша Русский

САҚТАНСАҢ САҚТАЙМЫН

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов көктемгі су тасқынының алдын-алу және болдырмау мақсатында Балтакөл, Маяқұм және Көксарай ауыл округінің аумағындағы Сырдария жағалауындағы бөгеттер мен каналдарды аралап, көріп шықты. Ауыл әкімдері мен сала басшылары және жергілікті аймақты жете білетін қарияларды жинап, Дария тасыған жағдайда қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екеніне тоқталды. Бұрын көтерген дамбылардың осал тұстарын (мал, көлік өткеліне айналған, кей жерлері жіңішкеріп, төмен түскен) анықтап, осы кемшіліктерді шұғыл жөндеуді тиісті сала басшыларына жүктеді. Сондай-ақ, Сырдария көпіріне шығатын және түсетін асфальт жолдың екі жағын бекемдеу, су тасқынына қарсы қабілетін күшейтуді тапсырды. Сырдария қалыпқа түскенше жағасындағы төрт түлік малды мал иелерімен бірлесе отырып, қауіпсіз аймақтарға көшіруді ауыл әкімдеріне міндеттеді. Ауыл әкімдері мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берген аудан әкімі, осы жұмыстардың орындалуы өзінің жеке бақылауында болатынын ескертті.

Back to Top