Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АНАЛАР - АҚ ДАСТАРХАНДА

Салтанатты жиыннан соң аудан басшысы аналарды ақ дастарханға шақырып, мереке дастархан басында жалғасын тапты.

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтар аналар мен қыз-келіншектерді бүгінгі халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Мерекелік дастархан басында сөйлеген сөзінде аудан әкімі. «Бүгінде көркейген көне Отырардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында Сіздердің саналы ойларыңыз, жүрек жылулықтарыңыз айқын сезіледі. Тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолындағы жасампаз жетістіктер мен жас ұрпақтың бойындағы отаншылдық сезімді, ұлтжандылық қасиеттерді біз сіздермен бай-ланыстырамыз. Әсіресе, кәсіпкер қыз-келіншектердің біздің ортақ ісіміз - ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосқан орасан зор үлестерін, іскерлік шеберліктерін ерекше атап айтқымыз келеді»деді.

Сонан соң дастархан басындағы ақ шашты аналарымыз бен қоғамдық іске белсене араласып жүрген әпкелерімізге гүл сыйлап, иықтарына орамал жауып, құрмет көрсетті.

Аудан әкімдігіне алғыс айтқан аналар ыстық лебіздерінен соң, мерекелік ән шашуларын тарту етті.

Ән мен биге ұласқан мерекелік отырыс көңілді өтті.

Back to Top