Қазақша Русский

АНАЛАР АСЫЛ ЖАНДАР

Көктемнің шуақты күндері ауданымызда 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шаралар өз бастауын алды. Бүгін атаулы мерекеге орай «Аналар асыл жандар» тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті.

Жиынға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, ардақты аналар мен аяулы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудан басшысы өз сөзінде: «Бүгінгі мерекеде құдайдың берген ұл-қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, перзенттерінің бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, оларды имандылық, адамгершілік, ұлттық рухта тәрбиелеп жүрген ауданымыздағы көптеген «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері атанған Батыр аналарға шексіз ризашылығымызды, ақ алғысымызды білдіреміз.

Қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Бұл сөз бекер айтылмаса керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев аналардың әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне, тек мереке күндері ғана емес, барлық уақытта да барынша назар аударып келеді. Өздеріңіз білесіздер, Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауларында ана мен баланы қорғау, оларға қамқорлық жасау, зейнетақыны, балалардың жәрдемақысын көбейту секілді әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөліп келеді» деді.

Салтанатты шарада аудан әкімі аудандағы 10 «Алтын алқа», 14 «Күміс алқа» иелері мен бірнеше аяулы аналарға арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен өріліп, жиналғандарға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Back to Top