Қазақша Русский

СУАРМАЛЫ ЖЕРДІ ИГЕРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Отырар ауданы көлеміндегі игерілмей жатқан жерлерді айналымға қосу жұмыстарын жандандыру бағытында кеңейтілген жиын өткізді.

Мәжіліске аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, «Отырар-ағын су» мекемесінің басшысы мен ауыл округтерінің әкімдері қатысты.

Жиында әрбір ауыл округінде игерілмей жатқан жерлерге жеке-жеке талдау жүргізіліп, олардың субьективті және обьективті себептері анықтау мәселері қаралды.

Жиын барысында субьективті себептермен игерілмей жатқан жерлер негізінен шаруалардың айналым қаражаттарының жоқтығы сондай-ақ, ауылшаруашылығы техникаларының жеткіліксіз болуынан өз бетінше жұмыс жүргізе алмауында болып отыр.

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов аталған мәселелерді шешудің бірден-бір жолы шағын шарушылықтардың кооперативтерге бірігіп, жұмыс жасауы қажеттілігін жеткізіп, игерілмей жатқан жерлердің айналымға қосуда жүйелі жұмыстарды биылдан қалдырмай бастауға және бірнеше жылдан бері өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, себептерін зерделей отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ауданның арнайы жер қорына қайтару ауыл округі әкімдерінің тікелей жауапкершілігінде болатындығын баса айтты.

Осы жұмыстарды үйлестіруді аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөліміне тапсырып, өзінің қатаң бақылауында болатындығын жеткізді.

Back to Top