Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

"ОТЫРАР АУДАНЫ БОЙЫНША ПРОАКТИВТІ" ҚЫЗМЕТ ТҮРІ АРҚЫЛЫ АЛҒАШҚЫ СӘБИ ТУУ ТУРАЛЫ КУƏЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы " департаментінің Отырар аудандық бөлімінің басшысы БӨЛЕБАЙ ЕСЕНГАЛИ ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ және бөлім инспекторы Әміршиев Мейірхан мемлекеттік қызметтердің проактивті принципі бойынша туу туралы куəлікке өтініш берген аудан тұрғыны анасы - Орынбасары Маржан Сəндібайқызына туу туралы куəлігін табыс етті. Аталған қызмет түрін пайдаланған жас ана Маржан Орынбасарова өз ұлын Ерболұлы Ерасыл деп атапты. Сонымен қатар жаңа туған сəбиді бірден балабақша кезегіне тіркеген. Маржан Орынбасарова Отырар ауданының тұрғыны : - " Ұлымды дүниеге əкелген күні маған ХҚКО қызметкерлері келіп, СМС хабарлама келді. Барлық хабарламаға орынды жауап беріп отырдым тіркеуден өткіздім. Бұл қызмет маған ұнады қолдануда оңайырақ. Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері СМС - хабарлама арқылы Оңтүстік облысы бойынша 100 астам əйелге СМС - хабарлама арқылы құттықтау келіп, сəбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ол өзге деректерді СМС хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ ,телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рəсімдеуге жəне балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куəлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе уйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Back to Top