Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Аудан әкімінің есебі

«БЕКІТЕМІН»

Отырар ауданының әкімі

__________Ә.А.Жүнісов

«__» _________ 2019 жыл

Аудан әкімі мен ауыл округі әкімдерінің «Ауданның 2019 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есеп беру кестесі

қ/с Ауыл округі атауы Іс-шара атауы Өткізілу күні Өткізілу уақыты Өтетін орыны
1 Балтакөл ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 21.01.2020 жыл   сағ.10.00   Ақкөл елді мекені, «Ақкөл» негізгі мектебі
21.01.2020 жыл   сағ.12.00   Көлқұдық елді мекені, С.Мұқанов орта мектебі
21.01.2020жыл   сағ.15.00   Үштам елді мекені, Үштам бастауыш мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 28.01.2020 жыл сағ.10.00 Балтакөл ауылы, «Ы.Алтынсарин» орта мектебінің мәжіліс залы
2 Маяқұм ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 21.01.2020 жыл   сағ.17.00   Қостерек елді мекені, Ғ.Мұратбаев орта мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 28.01.2020 жыл сағ.12.00 Маяқұм ауылы, мәдениет үйі  
3 Көксарай ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 21.01.2020 жыл   сағ.10.00   Шеңгелді елді мекені, Шеңгелді орта мектебі
21.01.2020 жыл   сағ.12.00   Ызакөл елді мекені, Ызакөл бастауыш мектебі
21.01.2020 жыл   сағ.15.00   Жанкел елді мекені, Жанкел бастауыш мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 28.01.2020 жыл сағ.15.00 Көксарай ауылы, мәдениет үйі  
4 Аққұм ауыл округі Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 28.01.2020 жыл сағ.17.00 Аққұм ауылы, «Сейфуллин» орта мектебінің мәжіліс залы  
5 Ақтөбе ауыл округі Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 29.01.2020 жыл сағ.10.00 Ақтөбе ауылы, Қ.Мұңайтпасов жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
6 Шілік ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 22.01.2020 жыл   сағ.10.00   Ескі Шілік елді мекені, С.Құртаев орта мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 29.01.2020 жыл сағ.12.00 Жаңа Шілік ауылы, «М.Шаханов» орта мектебінің мәжіліс залы
7 Темір ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 22.01.2020 жыл   сағ.10.00   Отырабад стансасы, Отырабад бастауыш мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 29.01.2020 жыл сағ.15.00 Темір ауылы, мәдениет үйі
8 Қарақоңыр ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 22.01.2020 жыл   сағ.10.00   Бестораңғыл елді мекені, Бестораңғыл бастауыш мектебі
22.01.2019 жыл   сағ.12.00   Ақтам елді мекені, Арыс бастауыш мектебі
22.01.2020 жыл   сағ.15.00   Сырдария елді мекені, Сырдария негізгі мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 29.01.2020 жыл сағ.17.00 Ш.Қалдаяқов ауылы, мәдениет үйі
9 Отырар ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 23.01.2020 жыл   сағ.10.00   Шойманов елді мекені, П.Әйтменов негізгі мектебі
23.01.2020 жыл   сағ.12.00   Арыс елді мекені, З.Қалауова бастауыш мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 30.01.2020 жыл сағ.10.00 Арыс ауылы, «Аққу» мәдениет үйі
10 Талапты ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 23.01.2020 жыл   сағ.10.00   Сарыкөл елді мекені, Сарыкөл негізгі мектебі
23.01.2020 жыл   сағ.12.00   Шытты елді мекені, А.Дәрібаев орта мектебі
23.01.2020 жыл   сағ.15.00   Ынталы елді мекені, Ә.Байтанаев негізгі мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 30.01.2020 жыл сағ.12.00 Көкмардан ауылы, мәдениет үйі
11 Қоғам ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 23.01.2020 жыл   сағ.10.00   Талапты елді мекені, Қ.Сәтбаев орта мектебі
23.01.2020 жыл   сағ.12.00   Мыңшұқыр елді мекені, Мыңшұқыр бастауыш мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 30.01.2020 жыл сағ.15.00 Қоғам ауылы, мәдениет үйі
12 Қарғалы ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 23.01.2020 жыл   сағ.15.00   Қарғалы елді мекені, С.Ерубаев орта мектебі
Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 30.01.2020 жыл сағ.17.00 Отырар ауылы, «Отырар» орта мектебінің мәжіліс залы
13 Шәуілдір ауыл округі Ауыл округі әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есебі. 23.01.2020 жыл   сағ.11.00     Шәуілдір ауылы, әл-Фараби мәдениет сарайының кіші залы
14 Аудан әкімінің қорытынды есебі Аудан әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы» қорытынды есебі. 13.02.2020 жыл сағ.15.00 Шәуілдір ауылы, әл-Фараби мәдениет сарайы

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мәулен

Орындаған:

Ш.Жамалханов

2-14-32

Отырар ауданының әкімі Ә.Жүнісовтің 2019 жылы атқарған

жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп беру кездесуіне қойылған ұсыныс-пікірлер жәшіктерінің орналасқан жерлері.

Ауыл округтері-нің атауы Жауапты лауазымды тұлғалар Жәшік саны Байланыс телефоны Орналасқан жері
1. Аудан әкімі аппараты А.Мәулен 1 21-4-67 Шәуілдір ауылы, Отырар ауданы, «Жібек жолы» даңғылы-25
2. Аққұм С.Әлшері 1 8(72543) 32-5-02 Аққұм ауылы, Отырар ауданы, С.Сейфуллин-2А
3. Қарғалы Е.Шынтереков 1 27-1-99 Отырар ауылы, Отырар ауданы, А.Айменұлы-9
4. Қоғам Е.Зернабиев 1 26-8-19 Қоғам ауылы,Отырар ауданы, Ұ.Арғынбеков даңғылы-н/ү
5. Шәуілдір Ғ.Қыдыр 1 22-4-16 Шәуілдір, Отырар ауданы, О.Бәймішов-9
6. Шілік Ж.Сейітжанов 1 25-3-82 Шілік ауылы, Отырар ауданы, Т.Датқа-н/ү
7. Темір Ж.Қуатбеков 1 24-6-31 Темір ауылы, Отырар ауданы, М.Әлиев-4
8. Маяқұм Б.Иманов 1 26-2-48 Маяқұм ауылы, Отырар ауданы, С.Сейтбеков-4
9. Қарақоңыр С.Айсейтов 1 40-3-18 Ш.Қалдаяқов ауылы, Отырар ауданы, Ш.Ерманов-4
10. Балтакөл Ж.Таукебаев 1 8(72543) 35-5-44 Балтакөл ауылы, Отырар ауданы, Т.Әбуова-8
11. Көксарай Ә.Мәуленқұл 1 23-6-04 Көксарай ауылы, Отырар ауданы, Көксарай көшесі-13
12. Отырар Д.Үсетов 1 21-8-31 Арыс ауылы, Отырар ауданы, К.Момбеков-42
13. Ақтөбе И.Тайгелтір 1 25-3-47 Ақтөбе ауылы, Отырар ауданы, Қ.Мұңайтпасов көшесі-н/ү
14. Талапты Д.Жипсыбаева 1 22-4-88 Көкмардан ауылы, Отырар ауданы, М.Қабылов-н/ү
Барлығы: 14

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Мәулен

Орындаған: Ш.Жамалханов

21-4-32

Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Айтжанұлы Жүнісовтің

2019 жылғы атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

Құрметті ауыл тұрғындары!

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

2019 жылды аудан әкімдігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог: Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты Жолдауларынан туындаған міндеттерді жүзеге асырудан бастады.

Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалалары «Мәңгілік Елдің» бүгінгі ұрпақтары үшін бағдарлы болашаққа жол сілтеді.

Тұңғыш Президент пен Мемлекет басшысының Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларын халық арасында насихаттау үшін 21 адамнан тұратын 3 аудандық, 13 ауыл округтері бойынша ақпараттық-насихаттық топтары құрылып, елді мекендер мен мемлекеттік мекемелерде 53 кездесу өткізді. Сондай-ақ, 1 республикалық, 2 облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері ауданымызда болып халықпен жүздесті. Аудандық «Отырар алқабы» газетінде 73 мақала жарияланса, аудан көлемінде 14 арнайы белгіленген орында ақпараттық-насихаттық көлемді көрнекіліктер ілінді.

Ауданымыздың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштері

Әлеуметтік-экономикалық даму

2019 жылы жалпы ауданда өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 52 млрд 428 млн теңгені құрап, 2018 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1 млрд 500 млн теңгеге артық немесе 103,0% -ға артық орындалды.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

2019 жылдың есепті мерзімінде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында 14 млрд 148 млн 173 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі - 104,6% құрады.

Кәсіпкерлік саласы бойынша жалпы статистикалық мәліметке сәйкес, жұмыс істеп тұрған субьектілер саны 4 592 болса, 2018 жылдың есепті мерзімінде 4 280 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеген. Яғни 2018 жылмен салыстырғанда 312 кәсіпкерлік субъектісіне артып отыр.

Бюджеттік-салықтық саясат

Жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 1 млрд 184 млн теңге болып бекітілсе, орындалуы 1 млрд 253 млн теңгені құрап, 69 млн. теңгеге артық немесе 106,0% орындалған.

Берілген несиелер бойынша

Аудан кәсіпкерлеріне «Оңтүстік АИО» ЖШС мен оның еншілес мекемесі «Ырыс» микро қаржы ұйымы» арқылы қысқа және ұзақ мерзімге 2019 жылдың есепті мерзімінде 61 жобаға 177,5 млн теңге несие берілген. Бұл мал бордақылау, мал басын көбейтуге, әр түрлі дақылдар өсіруге және т.б. бағыттар бойынша жобаларға беріліп, шаруалардың жұмысын жандандыруға септігі тиді.

Инвестиция бойынша

2019 жылдың есепті мерзімінде негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 15 млрд 585 млн 200 мың теңгені құрады. 2018 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 105,0%-ға артты.

Оның ішінде, жеке тартылған инвестиция көлемі 8 млрд 604 млн 420 мың теңгені құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің 55,2% жеке тартылған инвестиция көлемі құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауданымыздың аграрлы аймақта орналасқандығын ескере отырып ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылады. Егіс көлемін ұлғайту, жаңадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу, жаңбырлатып, тамшылатып суару, жылыжай салу, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылы жалпы ауыл шаруашылық өнім көлемі 11 айдың қорытындысымен 20 млрд 042,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2018ж 17 млрд 753,8 млн теңге, НКИ 110,8 %) 2 млрд 289,1 млн теңгеге артқан. 2019 жылдың нақты көлем индексі (НКИ) 104,6 % жетіп, облыс бойынша алтыншы орыннан көрінді.

Оның ішінде:

Егін шаруашылығы 10 млрд 668,7 млн теңге немесе былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 788,8 млн.теңгеге артқан (2018 жылы 8 млрд 879,9 млн теңге);

Мал шаруашылығы 9 млрд 287,1 млн теңге немесе былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 468,2 млн теңгеге артқан (2018 жылы 8 млрд 818,9 млн теңге);

Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция бойынша

2019 жылдың есепті мерзімінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемінің жоспары 2 млрд теңге болса, орындалуы 2 млрд 268,4 млн теңгені құрап, 113,4 % жетті. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 128 млн теңгеге жетіп 108,3% құрады.

Аудан көлеміндегі егістік жерлерге жүргізілген талдау, каналдар мен арықтарға күрделі жөндеулер мен механикалық тазалаулар жүргізгеннің арқасында, егістік алқабы 33 106,8 га жетіп, 2018 жылмен (2018 жылы 30652 га егін егілген) салыстырғанда 2 454,8 га артқан.

Сонымен қатар, аудан шаруалары егіс егуді ғылыммен ұштастыруы арқасында еңбек өнімділігі артқан болатын. Табыс орта есеппен жүгері гектарына 2 млрд 462,1 млн. теңгені құрады. Осылайша өнім 7,9 млн теңгеге артты (2018 жылы еңбек өнімділігі гектарына орта есеппен 2 млрд 454,2 млн. теңге құраған).

Қайта өңдеу кәсіпорындары бойынша:

«Гүлмайра» ШҚ – шұбат өнімі 2018 жылы 402,0 тонна өндірсе, 2019 жылдың есепті мерзімінде 475,0 тонна өндірді.

«Усенов Н» ШҚ – шұбат өнімі 2018 жылы 578,2 тонна өндірсе, 2019 жылдың есепті мерзімінде 603,3 тонна өндірді.

«Төребек-Д» ЖШС – шұбат өнімі 2018 жылы 161,8 тонна өндірсе, 2019 жылдың есепті мерзімінде 141,1 тонна өндірілді.

Жалпы ауданда қайта өңдеу кәсіпорындары бойынша 2018 жылы 1142 тонна өндірілген болса, 2019 жылдың есепті мерзімінде 1219,4 тонна шұбат өндіріп, соңғы екі жылда жалпы шұбат өнімі 2361,4 тонна құраған.

Ауданымызда түйе шаруашылығымен шұғылданатын шаруаларға шұбат өнімін қабылдайтын Түркістан қаласынан жылына 150 мың тонна шұбат өнімін қайта өңдейтін «Golden Camel Group Ltd» ЖШС-і ашылып, ауданымыздың шаруалардан литрін 400 теңгеден қабылдаса, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанынан бастап литрін 700 теңгеден қабылдауы жаңа серпін берді.

Экспортқа қой және мүйізді ірі қара мал ет өнімін шығару:

2018 жылы алғаш рет қолға алынған қой етін экспортқа шығару ісі де биыл өз жемісін берді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қой етін экспорттаумен қатар, мүйізді ірі қара мал етін экспорттау қолға алынды.

300 тонна қой етін экспорттау жоспарға алынып, бүгінгі таңда Ресей, Өзбекстан, Иран, Араб мемлекеттеріне 322 тонна ет экспортталып, жоспар 107,3 % -ға орындалды. Мүйізді ірі қара мал етінен 200 тонна ет эскпорттау жоспарланса, Әзербайжан Республикасына 210 тонна ет экспортталып, жоспар 105 пайызға артығымен орындалды.

Жер қатынастары саласы бойынша

Жер пайдаланушылар:

2019 жылғы қараша айының қорытындысымен аудан көлемінде ауыл шаруашылығы жер учаскелерін 2861 агроқұрылым (2348 ш/қ, 513 заңды тұлға) пайдалануда.

Жер қайтару:

Ағымдағы жылдың 11 айында жалпы көлемі 15631 га (603 га суармалы, 15019 га жайылым, 9 га шабындық) жерлер ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.

Конкурстар, аукциондар:

Ағымдағы жылдың 11 айында ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, 12 лот бойынша 8,0865 га жер телімі аукцион арқылы сатылып берілді. Жер сатудан жоспарланған 11,0 млн теңгеден, қазіргі таңда 18 млн теңге бюджетке қаржы өндіріліп, жоспар 163,6% құрап, артығымен орындалды.

ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы 120 лот бойынша 17 559,1 га (609,5 га суармалы, 16 949,6 га жайылым) жерлерге конкурс өткізіліп, нәтижесінде 108 лот бойынша жеңімпаздар анықталып, 13 731,9 га (569,4 га суармалы, 13 162,5 га жайылым) жерлер берілді.

Суармалы жердің көлемін ұлғайту:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің көлемін ұлғайту үшін 7 ауыл округінен 15 агроқұрылымның 1 068,9 га жайылым жер телімдері суармалыға ауыстырылды.

Нәтижесінде, аудан көлеміндегі 44 914 га суармалы жер телімінің көлемі 45 986 га жер теліміне артты.

Елді мекендердің құрылыс салу шекараларын ұлғайту:

Отырар ауданы бойынша 8 ауыл округіндегі 19 елді мекеннің (Бестораңғыл, Ақтам, Қарақоңыр, Қостүйін, Бестам, Қоғам, Сырдария, Шәуілдір, Арыс, Ынталы, Мыңшұқыр, Талапты, Сарыкөл, Көксарай, Шеңгелді, Ақкөл) құрылыс салу шекараларының көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Ветеринария саласы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру шаралары бойынша 57 028 бас мүйізді ірі қараның 22 410 бас төлдері, 364 396 бас уақ малдардың 187 179 бас төлдері, 15 635 бас жылқылардың 4 461 бас төлдері, 5 965 бас түйелердің 2 760 бас төлдері есепке алынып, дерек қорға енгізілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда төрт түлік төлдерінің басы 117% өскен.

Эпизоотияға қарсы іс шаралар жүргізу жұмыстарына қажетті 2 млн 541 мың 303 доза ветеринариялық препараттар алынып, толықтай егу жұмыстар жүргізілді.

Ауданда ауыл шаруашылығы жануарларынан жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 387,868 серологиялық ауру сынамасы алынды. 280 жануарлардан бактериологиялық ауру сынамасы, 10710 жануардан вирусологиялық ауру сынамасы зерттеліп, нәтижесінде аса жұқпалы мал аурулары анықталмады. Ауданда 11 ветеринарлық клиника жұмыс істейді.

Құрылыс саласы

2019 жылы республикалық бюджет есебінен 753,3 млн. теңгеге Мыңшұқыр елді мекеніндегі 300 оқушыға арналған «Мыңшұңқыр» жалпы орта мектебінің құрылысы жүргізіліп, ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 2019 жылы облыстық бюджет есебінен 294,2 млн. теңге қаржыға жеке тұрғын үй салуға арналған жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында Шәуілдір ауылындағы жаңа мөлтекауданның инженерлік-коммуникациялық жүйелері 2-кезеңінің (су, электр желісі) құрылысы жүргізіліп, қабылданды.

Шәуілдір ауылындағы жаңа мөлтекауданды инфрақұрылыммен қамтудың 1-ші және 2-кезең бойынша 460 учаске дайындалған, оның бүгінгі күнге 171-і кезекте тұрған азаматтарға беріліп отыр. Бүгінгі күнге аудан бойынша жер кезегінде 478 адам бар.

Үстіміздегі жылы кезекте тұрған азаматтардың барлығын жер учаскесімен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен 295,7 млн. теңгеге былтырғы жылдан өтпелі Шәуілдір ауылындағы үш қабатты 24 пәтерлік қызметтік тұрғын үйдің құрылысы салынып, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді (жалпы ауданы 1450 шаршы метр) .

Аудандық бюджет есебінен 190,8 млн. теңгеге Мыңшұқыр елді мекеніндегі екі қабатты 12 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға берілді. (жалпы ауданы 1061 шаршы метр).

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жұмыстары бойынша 2019 жылы құрылыс басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жалпы алаңы 11 800 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 14 200 шаршы метрге, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 122,8%-ға орындалды.

Сондай-ақ, алдағы жылдары нысандардың құрылысын жүргізу мақсатында бірқатар жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді.

Атап айтқанда:

Облыстық бюджет есебінен әзірленген Мыңшұқыр елді мекеніндегі үш қабатты 18 пәтерлік 10 үйдің жобалау-сметалық құжаттамалары қаржы бөлу мақсатында облыстық бюджетке ұсынылды. Оның ішінде 4 тұрғын үйдің құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салу көзделіп отыр.

Аудандық бюджет есебінен Шәуілдір ауылындағы үш қабатты 24 пәтерлік 2 тұрғын үй мен екі пәтерлік 11 тұрғын үй құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды.

126 жеке тұрғын үй учаскесіне арналған Көкмардан ауылындағы жаңа мөлтекауданның инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің (су, электр, жол) жобалау-сметалық құжаттамалары республикалық бюджетке ұсынылып, 2020 жылға су құбыры мен электр жүйесін тартуға қаржы қаралды.

Нәтижесінде, құрылыс жұмыстарының нақты көлемі 2019 жылы 5 млрд 500 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артық орындалды.

Сонымен бірге, 2019 жылы елді мекендерді абаттандыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Тарқатып айтқанда:

- «Отырар ауданы Қоғам ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылы бойындағы аяқжолдарды, жарықшамдарды, қоршауларды, автотұрақтарды абаттандыру және ағымдағы жөндеу» нысанында (сметалық құны 214,0 млн. теңге) жұмыстар аяқталып, жалпы ұзындығы 3,8 шқ веложол, 7,6 шқ аяқжол жүргізіліп, жарықтандырылды;

- Қоғам ауыл округіндегі «Арыстанбаб» кесенесінің аумағын (сметалық құны 331,9 млн. теңге) және «Отырар төбе» қалашығына кіре беріс қақпаны (сметалық құны 296,7 млн. теңге) абаттандыру жұмыстары аяқталды;

- Ш.Қалдаяқов ауылындағы «Шәмші» саябағының аумағын абаттандырудың және ұлы композитордың шығармашылық үйін қайта құру мақсатында эскиздік жобасы дайындалды;

- Шәуілдір ауылының орталығындағы «Даңқты бабалар саяжолын» толығымен ағымдағы жөндеуден өткізу үшін эскиздік жобасы мен сметалық құжаттары дайындалып, аудандық бюджетке ұсынылды (сметалық құны 132,5 млн. теңге);

- Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Шәуілдір ауылындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» атындағы руханият музейінің қасбетін әрлеу және ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін эскиздік жобасы мен сметалық есебі жасалынып, облыстық бюджетке ұсынылды (сметалық құны 51,7 млн. теңге);

- Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің кіре-берісі мен этноауылын қайта жасақтау жұмыстарының эскиздік жобалары әзірленді;

- Әл-Фараби бабамыздың туған жері «Оқсыз» қалажұртына баратын жол мен Сырдария өзенінен өтетін «паром» өткелінің эскиздік жобасы (болжамдық құны 400 млн.теңге);

- «Отырар төбе» қалашығына дейінгі 1,7 шақырым аралықта сервистік орталық салу, демалыс аймағын жасау, абаттандыру (сметалық құны 893,5 млн. теңге) жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2020 жылы құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу мақсатында республикалық бюджетке ұсынылды.

- «Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауыл округіндегі «Оқсыз» қалашығын абаттандыру» (сметалық құны 286,407 млн. теңге) жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2020 жылы құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу мақсатында облыстық бюджетке ұсынылды.

- «Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі, Шәуілдір елді мекеніндегі Р.Әбдіраймов және Қ.Тастанбеков көшесін абаттандыру» нысаны бойынша барлығы 18,4 млн теңге қаржыға 1270 метр аяқ жол, 51 дана жарықшам орнатылып, жұмыстар толығымен аяқталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

Газдандыру бойынша. 2014-2017 жылдары №17 АГТС пен Ордабасы ауданына қарасты Қарақұм елді мекенінен Шәуілдірге дейін 51,4 шақырым газ құбырын салу құрылысы жүргізілді. Осыған орай, аудан көлеміндегі бір-біріне тығыз және аудан орталығы Шәуілдірге жақын орналасқан 22 елді мекенге жобалық сметалық құжаттар дайындалды.

Оның ішінде 2018-2019 жылдары 10 елді мекеннің (Шәуілдір, Темір, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Шілік, Ақтөбе, Қоғам, Мыңшұқыр, Ынталы, Қарақоңыр (станса) елді мекендері) құрылыс жұмыстары басталған.

Қазіргі таңда 6 елді мекеннің (Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қоғам) құрылыс жұмыстары аяқталды, қалған 4 елді мекеннің (Шәуілдір, Темір, Ынталы, Мыңшұқыр) құрылыс жұмыстары 2020 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Көксарай ауылына газ құбырын салу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалуда.

Ауыз су бойынша Аудан көлеміндегі 38 елді мекеннің 31 елді мекені ауыз су құбырымен қамтылған. Ағымдағы жылы 2 елді мекеннің (Қостерек, Арыс (Ақтам) ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыз су құбыры жүргізілген елді мекендер саны 31-ден 33-ке өсіп, аудан аумағындағы ауыз сумен қамтылған елді мекендер үлесі 5,2% (2018 жылы 81,6%. 2019 жылы 86,8%) құрады.

Сонымен қатар, ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан Көксарай ауылы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі бүгінгі таңға шешімін тауып отыр. 2019 жылға «ОҚО, Отырар ауданы, Көксарай ауыл округі, Көксарай елді мекеніндегі ауыз су жүйелері мен имаратының қайта құру жұмыстары» республикалық бюджеттен қаржыландырылып, қазіргі таңға құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Нысан 2020 жылға өтпелі.

Электр саласы. 2019 жылы «Түркістан облысы, Отырар ауданы Талапты ауыл округі, Көкмардан ауылы, М.Сәрсенбаев көшесі бойын электр желісімен жарықтандыру және трансформатор орнату жұмыстары» құрылыс нысаны аудандық бюджет қаражаты есебінен толықтай жүзеге асырылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Түркістан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылындағы ПС-35/10 кВт трансформатор подстанциясын ағымдағы жөндеу» жұмыстары жүргізілді.

«Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауыл округі, Арыс е.м. №4, Абай және Ә.Смайлов көшелерін электрмен қамту құрылысы нысанына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді.

Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары бойынша

Орта жөндеу жұмыстары. Аудан бойынша ұзындығы - 24,8 шқ болатын 28 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 28 ішкі көшелерге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Күрделі жөндеу жұмыстары. 2019 жылы ұзындығы - 1,7 шқ болатын «Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын» жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар атқарылуда. Нысанды толықтай аяқтау 2020 жоспарланған.

Сонымен қатар, 2019 жылы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Құрманбеков, Шаймерденов, Дүтпаев, Құлбатыров, Төлбасиев көшелерін күрделі жөндеу» нысанына республикалық бюджет есебінен қаралған қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жолаушыларға қолайлы жағдайлар жасалды. 2019 жылдың қорытындысымен аудан көлеміндегі ішкі көшелердің жалпы қанағаттанарлық деңгейдегі пайызы 59,7 пайыздан 64,8 пайызға, яғни 239,551 шақырым автокөлік жолы қанағаттанарлық жағдайда.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша 2019 жылға 2800 азаматты жұмыспен қамту белгіленген болса, нақты 3382 азамат жұмыспен қамту шараларына қатысып, есепті жоспар 120,7%-ға орындалды.

Есепті мерзімде 110 мүгедектігі бар азаматтар жұмыспен қамтылып, жоспар 129,4%-ға орындалды.

Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған 17 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, есепті мерзімде 29 азамат жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілді.

  1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен тегін қамтамасыз ету. Бұл бағытта қайта даярлау курстарына 169, кәсіби оқуға 150, барлығы 319 азамат кәсіптік білім алып, жоспар 100%-ға орындалды.
  2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 118 азамат 464,9 млн.теңге шағын несиемен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 295 азамат 145,7 млн.теңге мемлекеттік грант алды. Нәтижесінде қосымша 58 жаңа жұмыс орындары ашылды. Кәсіпкерлік негіздерін 40 азамат оқып, жоспар толығымен орындалды.
  3. Жұмыспен қамту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін тұрақты және жаңа жұмыс орындарына жоспардағы 2330 азаматтың орнына 2610 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар 112,0%-ға орындалды. Оның ішінде, тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1888 азамат жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 187 азаматты жолдау жоспарланып, есепті мерзімде 210 азамат 55 жұмыс беруші мекемелерге жолданып, жоспар 112,3 %-ға орындалды.

«Жастар практикасымен» 220 азаматты қамту жоспарланып, есепті мерзімде 288 азамат 58 жұмыс беруші мекемелерге жолданып, жоспар 130,9%-ға орындалды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындары бойынша жоспар 205 адам, есепті мерзімде 224 азамат жолданып, жоспар 109,3%-ға орындалды.

Аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары 1010 болып белгіленген болса, есепті мерзімде 1298 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 128,5%-ға орындалды.

Аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік көмекпен және жұмыспен қамтылуы туралы.

Атаулы әлеуметтік көмекке 2698 азамат өтініш білдіріп, 216 азаматқа табыстарының асып кетуіне байланысты АӘК көрсетуден бас тартылса, 2482 отбасындағы 15065 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан еңбекке жарамды 1022 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа тартылды.

Ішкі саясат саласы

Аудан әкімінің қаулысымен құрылған «Бірлік-береке басы» үйлестіру кеңесі мен ұлтаралық тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері 13 ауыл округтеріне шығып, тұрғындар арасында жастардың қолынан жасалынатын қылмыстардың алдын-алу, ұлтаралық тұрақтылық пен татулықты сақтау жөнінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және мемлекет пен дін арасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты жан-жақты ақпараттандыру мақсатында «Дін мен дәстүр үйлесімі және ұрпақтар сабақтастығы» атты аймақтық имамдар форумы, 18 қазан - Рухани келісім күніне орай жергілікті имамдар форумы, «Түркістанның рухани керуені», «Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты аудан тұрғындарымен кездесулер өтті. Кездесуге мемлекет және қоғам қайраткерлері, облысымыздың Құрметті азаматтары мен белгілі теолог-дінтанушылар қатысып, өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туғанын жеткізіп, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, тура жолға бастаған дінімізге, ділімізге, мәдениетімізге құрметпен қарауға шақырды.

Баршамызға белгілі, 2019 жылды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар жылы» деп жариялаған болатын.

Мерейлі жыл аясында аудан жастарының мәселесі басты назарға алынып, жастарға қолайлы жағдай жасау, жұмыссыз жастарды тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 107 жас арнайы курстан өткен. Оның ішінде курстан өткен 70 жасқа 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. 70 жас жеке кәсіпкерлігін ашып, аудандағы кәсібін ашқан жастардың саны 130-ға жетті.

Ауданда жастар жылы аясында 57 аудандық деңгейдегі мәдени-спорттық көпшілік іс-шаралар өткен. Жастардың басын қосқан «Жайдарман», «Менің туым – Менің Қазақстаным», «Отырар» лигасы көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, Отырар ауданында көкпар, теңге ілу, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерінен жастар арасындағы облыстық деңгейдегі ашық біріншілік, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай республикалық деңгейдегі жас ақындар айтысы, аудан әкімінің кубогы үшін халықаралық деңгейдегі «Жайдарман» ойындары өтті.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында аудандағы 4 жас отбасыға аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үй қорынан 4 баспана беріліп, қоныс тойларын тойлады.

Туризм саласы

Ауданымызда туристтік тартылымдылықты арттыру бағытында туристердің бірден-бір келетін орыны «Арыстанбаб» кесенесі мен «Отырартөбе» қалажұрты қақпаларының маңын абаттындыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Сапар» орталығы ашылды.

«Сапар» орталығы Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шет елдерде нәсихаттау, тарихи-мәдини мұра нысандарын қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, туризм саласының заманауи талаптырына сай туристік орталық жасау мақсатында жұмыс атқарады.

Орталықта Отырар қалажұртында қазба жүргізетін археологтар үшін 16 орындық жатақхана ғимаратын қамтиды.

Туристік орынға келушілерге ұлттық салт-дәстүрлерімізді таныстырумен қатар қызмет көрсету орындары, ұлттық тағамдар (қымыз, қымыран, құрт, май, тары, талқан) дайындаудың тәсілдерін көрсететін арнайы орындар іске қосылатын болады.

2019 жылдың 11 айлық есебімен ауданымызға келуші жалпы туристтер саны 466 544 болса, оның ішінде шет елдік туристердің саны 12 000 адам. 2018 жылдың қорытындысымен салыстырғанда ауданымызға келуші туристер саны 62 126 адамға артып отыр.

Білім саласы

ҰБТ-ның 3 жылдық қорытындысы бойынша жылдан-жылға көрсеткіші жоғарылап келеді. 2017 жылы 80,56 облыс бойынша 3-орыннан көрінсе, 2018 жылы ҰБТ-да 90,4 балл болып, облыс бойынша 1-орынды иеленді. Биылғы жаңа форматта өткен ҰБТ-ға 593 оқушы тапсыруға ниет білдірген. 2019 жылы ҰБТ-ің қорытындысы орта 75,9 баллды құрап, облыс бойынша ауданымыз 4 орыннан көрінді. Сонымен қатар, биылғы жылы «Алтын белгіге» 61 оқушы, «Үздік аттесттатқа» 26 оқушы иеленді.

Білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 28, мемлекеттік балабақшалар саны - 21, жекеменшік балабақшалар саны-7, мектеп ішіндегі шағын орталықтар саны-12. Жалпы қамтылған балалар саны- 3224.

«Балапан» бағдарламасының орындау барысында 2018 жылы 3215 бала мектепке дейінгі мекемеге қабылданса, 2019 жылы 3224 балаға жетіп, көрсеткіш 100%- ға орындалды.

2019 жылы Көксарай ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне 157 944 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 17 млн теңге аудандық бюджеттен қаржы қаралып, толықтай игерілді.

«Туған елге тағзым» тақырыбында аудан мектеп бітіруші түлектерімен «Онжылдықтар тоғысында» акциясы екі бағытта ұйымдастырылып, өткізілді. Акция барысында 15,8 млн теңгеге қаржылай көмек көрсетілді.

Мәдениет саласы

2019 жыл ауданымыздың мәдениет саласы үшін жемісті жыл болды. Жыл ішінде, жалпыхалықтық 1264 іс-шара өтіп, 41 362 аудан тұрғындары қатысқан.

Ауданымыздағы жас талантарға қолдау көрсетіп, бағын ашқан «Отырар таланттары – 2019» VІІІ халық өнер фестивалі барлық ауыл округтерінде өтіп, өнердің 15 жанры бойынша 400 өнерпаздар бақтарын сынады. Байқаудың ақтық кезеңіндегі қазылар алқасына Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы төрағалық етті.

Атырау қаласындағы Нариман Үлкенбайұлының 80 жылдығына арналған Республикалық халық театрлары фестивалінде «Отырар» халық театры өнер көрсетіп, өнер ұжымы «Ең өзекті тақырып» номинациясымен марапатталды.

Кітапхана саласы бойынша Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқараеваның 70 жасқа толуына орай Сарыағаш қаласында өткен «Ханбибі оқулары» атты облыстық байқауда Оразәлі Дәуменов Бас жүлдені иеленді.

Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми – әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Баян Тіленшинаның 70 жасқа толуына орай өткізілген «Баян оқулары» байқауында Құндызай Қалдыбай І орынды иеленді.

А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жүргізілген «Үздік ауылдық кітапханалар» атты облыстық рейтингісі бойынша Темір ауылдық кітапханасының кітапхана меңгерушісі Айман Махан І орынды иеленді.

Шымкент қаласы бейнелеу өнері музейінде отырарлық Әділхан Мәлік бастаған суретшілердің «Көне Отырар шұғыласы» атты көркем сурет көрмесінің ашылу салтанатты өтті. Көрмеде Отырар тарихынан сыр шертетін – туындылар қойылып, 2000-ға жуық көрермендер тамашалады.

Шардара қаласында өткен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Бейсембек Бибосынов атындағы І облыстық «Халық әні - қазынам» халық және дәстүрлі әндердің байқауында Шохан Теңлібаев Бас жүлдені қанжығаласа, Түркістан қаласында өткен Шәмші әндерінен облыстық «Менің Қазақстаным» атты байқауда І орынды иеленді.

Кентау қаласында «Кентауым – мәуелі гүл бағым» атты аймақтық композиторлар байқауында жерлесіміз Руслан Ахимбеков Бас жүлдені жеңіп алды.

Тілдерді оқыту және дамыту орталығы бойынша облыстық «Тілдарын» атты байқауда Ердәулет Баянғали Бас жүлдені иеленіп қайтты. Ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай өткізілген облыстық «Көркемсөз оқу шеберлері» атты байқауында Ш.Қалдаяқов мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрдәулет Өтеген Бас жүлдені жеңіп алды. Облыстық «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты байқауында «Балдырған-1» балабақшасының тәрбиеленушісі Бауыржан Азилия І орынды иеленді.

2020 жылы аталып өтетін ұлы ғұлама, ойшыл Әбу Нәсір әл – Фарабидің 1150 жылдығы және қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық жұмыстары басталып та кетті.

Әбу Нәсір әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай халықаралық ғылыми конференцияның өтуі қарсаңында аудандық мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өтті.

Спорт саласы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы бағдарламаға сәйкес 2020 жылға дейін дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықтың санын 30 пайызға жеткізу жоспарланған.

Ауданымызда 2019 жылы меже 30 пайыз болса, бүгінгі таңда жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұқаралық спортпен айналысатын азаматтар халық санына шаққанда 30% толық орындалып отыр. Бұл дегеніміз 158 спорт ғимараттары мен алаңшаларында 16 217 адам тұрақты түрде спортпен айналысуда.

2019 жылы ауданда спорттың 19 түрінен 287 спорттық іс-шара өткізіліп 42381 адам қатысты.

Есепті мерзім ішінде ауданымызда Халықаралық дәрежедегі 1 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 3 спорт шеберіне үміткер дайындалды.

Денсаулық саласы

Ауданымызда денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінуде. Аудан тұрғындарына жалпы 36 емдеу-профилактикалық мекеме қызмет көрсетеді. 2019 жылы емдеу мекемелері 5 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 педиатр, 2 стоматолог, 1 нефролог, 1 неанатолог дәрігерлерімен толықты.

2019 жылы ауданымызда аса жұқпалы аурулар тіркелмеген. Барлық ауыл округтерінде алдын-ала жүргізілген үй аралау, профилактикалық тексеру жұмыстарының нәтижесінде лейшманиоз ауруы былтырғымен салыстырғанда 8 болып, 1 ауруға азайған.

2019 жылы 1153 нәресте дүниеге келіп, 2018 жылмен салыстырғанда нәресте туу көрсеткіші 23 балаға азайған. 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуі 9 болып, өткен жылмен салыстырғанда 2 жағдайға азайған. Есепті мерзім ішінде ана өлімі тіркелмеген.

Маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі - туберкулез ауруы болып табылады. Есепті мерзімде туберкулезбен сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 25 болып, 2 адамға азайған және өлім жағдайы биылғы жылы тіркелмеген. Онкологиядан өлім көрсеткіші 18 болып, 4 жағдайға азайған.

2019 жылы А.Жармұхаметов елдімекеніндегі Медициналық тіректің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Құқық қорғау саласы

2019 жылдың есепті мерзімде ішінде Отырар ауданы көлемінде барлық бағыт бойынша тіркелген қылмыстар өткен жылғы осы мерзім ішімен салыстырғанда 0,7 пайызға, яғни (138-ден 139-ға) өскен. Оның ішінде өткен жылғы осы уақыт аралығымен салыстырғанда адам өлтіру қылмысы -100,0 пайызға (1-ден 0-ге), бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы -10,5 пайызға (76-дан 68-ге), мал ұрлау қылмысы -24,0 пайызға (25-тен 19-ға), алаяқтық қылмысы -20,0 пайызға (5-тен 4-ке), бұзақылық қылмысы -60,0 пайызға (5-тен 2-ге) төмендесе, денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы (1-ден 1-ге), тонау қылмысы (1-ден 1-ге) тепе- тең, аса ауыр қылмыстар 100,0 пайызға (1-ден 2-ге), ауыр қылмыстар 40,0 пайызға (5-тен 7-ге), пәтер ұрлығы 58,3 пайызға (12-ден 19-ға), зорлау қылмысы (0-ден 2-ге) 2 есеге өскен. Ал адам өлтіру қылмысы, қарақшылық қылмысы орын алған жоқ.

Ұсыныс-пікірлердің орындалуы

Өткен жылы тұрғындармен есептік кездесулерде 29 ұсыныс-пікірлер айтылған болатын. Олардың басым бөлігі ауылдың ішкі жолдарын жөндеу мен жарықтандыру, ауыл шаруашылығы және денсаулық саласы бойынша мәселелер. Қазіргі таңға оның 13-і мерзімінде түсіндіріліп, 7-і орындалса, қалған 9 ұсыныстардың маңыздылығын, күрделілігін ескеріп, оларды 2020 жылы орындау жоспарланған.

Назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Back to Top