Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Зейнетақы шотында қанша теңге жиналды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бір жыл ішіндегі инвестициялық табысы 752 миллиард теңгеден асты.

             Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшыларының зейнетақы жинақтары 12 триллион теңгеден асты.

             Зейнетақы қорының баспасөз қызметі бір жыл ішінде (2019 жылдың 1 тамызынан 2020 жылдың 1 тамызына дейін) зейнетақы жинақтарының соммасы 1,9 триллион теңгеге артып, яғни 19%-ке өскенін хабарлады.

             «Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 триллион теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 миллиард теңге (өсім 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 миллиард теңгеге (өсім 9%) жетті», – делінген хабарламада.

             Бір жыл ішінде БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1,2 миллионнан астам бірлікке артты. 2019 жылдың бірінші тамызындағы ақпарат бойынша, қорда 10,5 миллион жеке зейнетақы шоты болса, 2020 жылдың бірінші тамызында шот саны 11,7 миллионнан асып түсті. Осылайша, бір жыл ішіндегі өсім 11%-ті құрады.

             Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған, олардың саны он бір миллионнан асады, дәлірек айтсақ 11 132 300 шот (жыл басынан бергі өсім – 10%).

Back to Top