Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз?

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз? Құрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. Ал біз сізге бүгінгі #oqy&toqy айдарында бұл жайлы қысқаша ақпарат беретін боламыз. ????ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз; ????Өзіңіз брондаған ХҚО-ға уақтылы барыңыз; ????Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы брондаған кезегіңізді растап, элекронды талон алыңыз; ????Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз; ????Құжаттандыру секторына өтіңіз; ????Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді; ????Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз. ????ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі. ????ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі. ????16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті ✅Төленетін баж алымы: Паспорт – 8 АЕК Жеке куәлік – 0,2 АЕК ✅ Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады ❗️Егер құжаттың жасалу мерзімін жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады. 1 жұмыс күні - 4983 тг 3 жұмыс күні - 2752 тг ❗️ Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектігін ескертеміз

Back to Top