Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЭЦҚ-ны қашықтан алу

 Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады.

✍️ Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.

????Egov.kz порталына кіріңіз;

???? Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

???? Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;

????ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;

???? Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;

????Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;

????Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;

????Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;

????Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;

????Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;

???? Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;

????Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;

????Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;

???? Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;

????Сертификатты жүктеңіз.

Back to Top