Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖАҢА ТЕХНАЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде бір алқаптан 2 немесе одан да көп өнім алу және үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану ісі қолға алынып, қарқынды жұмыстар ауданымызда да басталып кетті.

Жаңа жобаларды енгізу бойынша аудан басшысы Әбдіғали Жүнісовтің тапсырмасына сәйкес ауыл округі әкімдерінің ұйымдастыруымен іске кіріскен аудан шаруалары алғашқы өнім алудың қамына кірісіп кетті.

Аталған жұмыстардың барысымен танысу, шаруаларға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін насихаттау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық Аққұм, Көксарай ауыл округтеріндегі бірқатар ірі мен жеке үй іргелік жерге түрен салған шаруалармен кездесті.

 Бөлім басшысы шаруаларға бір алқаптан 2-3 өнім алудың ерекшеліктері мен экономикалық тұрғыдағы пайдасының орасан екенін жеткізіп, осы бағытта атқарылған жұмыстардың барысымен танысып шықты. Сонымен қатар, үйіргелік жерлерге тың технологияларды енгізіп, отбасылық кәсіпті ашуға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырған, тың технологияларды пайдаланған жағдайда жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар берілетіндігін айрықша атап өтті.

Бүгінгі таңда, Еділ Досалы, Дүйсен Ашықбайлар өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару әдісімен картоп және күзде пісетін қияр егу жұмыстарын жүргізсе, Бақытжан Орынбасаров 2-3 өнім алу жобасы аясында сәуір айының басында 10 га жерге еккен бақша дақылдары бүгінгі таңға пісіп, өнімін жинауға дайын.

Шаруашылық иесі Бақытжан Орынбасаровтың айтуынша маусым айының соңында 7 га жерден 90 тоннадан астам қарбызды шет елге шығаруды жоспарлап отыр. Осы дақылдарын жинап біткен соң екінші өнімге сүрлемдік жүгері мен көкөніс дақылдарын егуді жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Көпшілікті сүйсінткен берекелі іс ауданымыздағы өзге ауыл округтерінде де жалғасын тауып, отбасылық кәсіп ашушылар қатарының артатын күні де алыс емес.

Бүгін аудан әкімі Әбдіғали Айтжанұлының тапсырмасына сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сыздық облыс әкімінің бір алқаптан 2-3 өнім алу және үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі бастамасына орай ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстары барысымен танысты.

Бірінші Аққұм ауыл округінің тұрғыны Досалы Еділ өзінің үй іргелік 30 соттық жеріне тамшылатып суару әдісімен картоп және күзде пісетін қияр егу үстінде екен. Үй иесінің айтуынша қыркүйек айында осы үй іргелік жерден 2 тоннадан астам картоппен 1,5 тоннаға жуық қияар жинап, сол округтегі дүкендерге өткізуді жоспарлап отырғандығын айтты. Осыдан соң осы ауылдың тұрғыны Ашықбай Дүйсеннің 10 соттық жерге тамшылатып суару әдісін қолдана отырып еккен қызанақ және асқабақ дақылдарының шығу барысымен танысты. Үй иелерінің айтуынша бұл әдістің тиімділіг зор екендігін жәнеде осы әдіспен үй іргелік жерден жылына 1,2 өнім алуды қолға алуды жоспарлап отырғандықтарын жеткізді.

Сонымен қатар сол ауылдық округтегі жеке шаруашылық иесі Орынбасаров Бақытжанның егіс алқабында болды. Ағымдағы жылы 2,3 өнім алу жобасы аясында сәуір айының басында еккен 7 га қарбызымен 3 га қауыны бүгінгі таңға пісіп, өнімін жинауға дайын. Шаруашылық иесінің айтуынша осы маусым айының аяғына 7 га жерден 90 тоннадан астам қарбызыды шет елге шығаруды жоспарлап отырыр. Осы дақылдарын жиап біткен соң екінші өнімге сүрлемдік жүгерімен көкөніс дақылдарын егуді жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Ағымдағы жылы аудан әкімінің тапсырмасына орай осындай жобаларды қолдау мақсатында әрбір елді мекендегі үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану және жаңа техналогияларды пайдалану арықлы өз кәсібін бастау үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдары арналған бағдарламасының 2-ші бағыты аясында «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант» аясында жеке тұлғаларды оқытып, осы бағытта жеке кәсібін ашу үшінм  530,2 мың теңге жобасында гранттар беру қолға алынуда. Бұл қаржы жоғарыда аталғандай үй іргелік жерлерін игеруге қажетті құрылғылар алуға бағытау көзделуде.Осындай жаңа бастамалар нәтижиесінде ұсақ шаруалармен жеке тұлғалар жұмыспен қамтылып ғана қоймай, табысында ұлғайтуға мүмкіндік берері сөзссіз.

Back to Top