Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Құрметті Отырар ауданының тұрғындары

Коронавирус індеті тек бізді ғана емес, әлем елдерін әбігерге салып, дүниені дүрліктіріп тұрғанын өздеріңізге белгілі.

 Қашан да қандай да болсын қиындықты сабырмен, ақылмен еңсерген еліміздің бұл жолғы сынақтан да сүрінбей шығарына кәміл сенімдіміз.

   Қабылдап жатқан түрлі сақтық шараларына түсіністікпен, жанашырлықпен қарап, қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге шақырамын.

    Біз үшін азаматтардың ден­сау­лығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы маңызды.

   Президентіміз дағдарысқа қарсы  шаралар топтамасын жариялап, Үкімет пен әкімдер оны жүзеге асыруды ұйымдастырып өткізуде.

    Осыған орай, «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығымен  Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидалары бекітілді.

Ауданымызда коммуналдық қызметтерге Электр энергиясын, ауыз суды, жылуды және кәріз жүйесін пайдаланудағы шығын  болып табылады.

    Қағидаға сәйкес коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге құқығы бар адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санаты төмендегідей болып белгіленген:

1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер;

6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарышкеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқықтәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

  Коммуналдық шығындарды өтеу  ай сайын бір тұтынушыға шаққанда он бес мыңтеңге деген есеппен жүргізіледі. Бұл ретте, есеп айырысу төлем кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі.

  Тұтынушы коммуналдық қызметтерге төлем жүргізген жағдайда, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте он бес мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші, яғни Электр энергиясын, жылу, ауыз су, кәріз жүйесін беруші коммуналдық мекемелер  төлемді келесі есептік кезеңге есептей отырып, төлемге қайта есептеу жүргізеді және тұтынушыға төлемді есепке алғаны туралы тиісті хабарлама жібереді.

Жеткізуші коммуналдық мекемелер  тұтынушыға төлем есептеген кезде төлем туралы түбіртекте мемлекеттің коммуналдық көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін өтеген сомасын көрсетеді.

   Коммуналддық шығындарды өтеуге құқығы бар тұлғалар үшін тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері)    жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, тиісті   ақпараттық жүйе Смарт Туркестан Вот (Smart Turkestan Bot) және   аудан орталығындағы әкімдік ғимаратында орналасқан call-орталықтағы 21-2-45 арқылы  немесе жазбаша өтінім беру арқылы растайды.

Осыған байланысты Сіздерден электр энергиясын, жылу, ауыз су, кәріз жүйесін пайдаланғаны үшін коммуналдық төлемдер бойынша  жеке бет есептерін оны өтеуге құқығы бар санаттағы адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің  ауыл әкімдігіне барып, жауапты мамандармен салыстыруға шақырамын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

ПРИКАЗ
Back to Top