Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ТӨРТ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін Отырар ауданының прокуроры Каукен Нәрікбаевтің халықпен кездесу жиыны кестеге сәйкес Ақтөбе, Шілік, Қарғалы, Темір ауыл округтерінде жалғасын тапты.

Ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен кездесу жиынына аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш пен аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдері, әр ауыл округтері бойынша сайланған депутаттар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында тұрғындар шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерін ортаға салып, сауалдарын қойды. Өз кезегінде сала мамандары тұрғындар тарапынан туындаған ағын су, суармалы жер алу, құқықбұзушылық, мал ұрлығы, жұмыспен қамту секілді бірқатар мәселелер бойынша жан-жақты жауап беріп өтті.

Жиын соңында аудан прокуроры кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы өз бақылауында болатынын айтып, жауапты мамандарға ескертті.

Back to Top