Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеевтің төрағалық етуімен өткен жиынның күн тәртібінде конго-қырым қанды қызбасы ауруларының алдын алу, лейшманиоз ауруының алдын алу іс шараларын ұйымдастыру секілді мәселелер қаралды.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелердің өзекті екенін айтқан аудан әкімінің орынбасары аталған аурулардың алдын алу жұмыстарын үйлестіру қажет екенін, сонымен қатар әр ауыл округтерінің әкімдері осы жайттарды ауыл тұрғындарына жеткізіп, қора тазалығы, малдарға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керектігін ескертуді тапсырды. Сондай-ақ аудан көлемінде құрылыс, ауыл шаруашылығы тағы да басқа мерзімді жұмыстарға келген шет ел азаматтарын есепке алардан бұрын аудандық денсаулық сақтау мекемелеріне аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ережелермен таныстыруды ұйымдастыру керектігін атап өтті.

Жиын соңында кеңес төрағасы тиісті мекеме басшылары мен ауыл оркугтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың орындалуын өз бақылауына алатынын ескертті.

Back to Top