Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі, азаматтық қорғаныс бастығы, аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы Әбдіғали Жүнісовтің төрағалығымен арнайы жиын өтті.

Жиында ауданымызда өтетін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының, обьектілердің іс-әрекеттері» тақырыбындағы кешенді оқу-жаттығу профилактикалық іс-шараларының жоспары талқыланып, пысықталды.

Шараның негізгі мақсаты аудандағы шаруашылық нысандардың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға әзірлігін пысықтау болып табылады.

Жиынның іс-шара жоспарына сәйкес ауданымызға арнайы келген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы майор Қанат Қарабалаев бастаған департамент мамандары оқу-жаттығу шаралары кезінде дабыл сигналдары қағылып, дайындық тиянақталатынын ескертті. Сондай-ақ бөлім бастығы кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар мен басқа да мемлекеттік мекемелерге төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкерлері бекітілетінін атап өтті.

Жиын барысында аудан басшысы азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Back to Top