Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ПРОКУРОРЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Отырар ауданының прокуроры Каукен Нәрікбаев аудан орталығынан шалғай жатқан Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтерінде болып, тұрғындармен кездесті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов пен аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдері, әр ауыл округтері бойынша сайланған депутаттар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерін ортаға салды.

Өз кезегінде сала мамандары тұрғындар тарапынан туындаған ағын су, суармалы жер алу, құқықбұзушылық, мал ұрлығы, жұмыспен қамту секілді бірқатар мәселелер бойынша жан-жақты жауап беріп өтті.

Жиын соңында аудан прокуроры кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы өз бақылауында болатынын айтып, жауапты мамандарға ескертті.

Back to Top