Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін аудан прокуроры К.Нәрікбаевтың төрағалығымен аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер арасында ведомоствоаралық мәжіліс өткізілді.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды, атап айтқанда:

1.Аудан көлемінде 2019 жыл мен 2020 жылдың 2 айында орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтың, оның ішінде жасы кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтар профилактикасының алдын-алу;

2.Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде жұмыспен қамтылмаған азаматтарды анықтау, осал топтағы және көп балалы аналарға берілетін әлеуметтік көмектердің берілу заңдылығы мен мүгедектердің құқықтарының сақталуы.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша аудан прокуратурасының аға прокуроры М.Абдукаримов баяндама жасап, ал жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдардың басшылары атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттер мен атқарылуға жататын жұмыстар хаттамалық шешіммен бекітіліп, оның орындалуы аудан прокуратурасының бақылауына алынды.

Отырар ауданының прокуратурасы.

Back to Top