Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев аудандық мәслихаттың депутаттарымен, аудандық бөлім басшыларымен және ауыл округі әкімдерімен кездесу өткізіп өткен 2019 жылы қабылданған заңдарға байланысты біршама кеңірек тоқталды. Қай-қайсы заң болса да еліміз үшін маңызды екендігін әңгіме арқауына айналдырған халық қалаулысы еліміздегі ең маңызды ауыл шаруашылығы саласына қатысты қабылданған заңдарға қатысты жұртшылық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді елеп-екшей келе жинақталған ұсыныстарға қатысты өзінің ой-пікірлерін білдіріп, Парламент қабырғасында қабылданған 83 заңның ең маңызды дегендеріне тоқталып, бұл заңдардың ел тұрғындары үшін өте маңызды екендігін тілге тиек етті.

Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов Отырар ауданына қатысты мәселелерді сөз еткен кездесу жиынында аудандық мәслихаттың депутаттары Ж.Мырзапейіс, Қ.Нұрқұлов, Ә.Құртаев, Т.Ақжігіт сияқты халқымыздың бойындағы салт-дәстүр, әдеп-ғұрып жөніндегі мәселелер кейінгі кезде босаңсып бара жатқандығын тілге тиек етіп, халықтың көкейіндегі мәселелерді қозғап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ауданымызға арнайы келген сенаторға алғыс сезімін білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Back to Top