Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекенінің тұрғындарымен жүздесті.

Кездесу барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарының ауыз су, ағын су, егін алқабы жайында көкейтесті мәселелерін мұқият тыңдап, ауыл тұрғындары үшін күрмеуі қиын мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Ауыл тұрғындары да өздері қойған сұрақтарына аудан басшысы тарапынан тұшымды жауаптар алды. Сонымен бірге алдағы уақытта да жоғарыдағы аталған мәселелерге аудан әкімі өз шешімін табу жолдарын қарастыратындығын жеткізді..

Back to Top