Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жарияланды

Тұрғындардың назарына!

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жарияланды

Құрметті аудан тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 4-шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылықты жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіліп, аталған заң а.ж. 16-шілдесінен бастап күшіне енді.

Сондықтан, барлығыңызды 2019 жылдың 31-желтоқсанына дейін аталған рақымшылықты пайдалануға шақырамыз.

Бүгінгі күні жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасы деректер базасындағы салық төлеушілердің есептіліктерінің толықтығы мен дұрыстығына түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Сіздерге, мемлекеттік кірістер басқармаларына барудың ешқандай қажеттілігі жоқ, негізгі шарты – жеке тұлға ретінде негізгі салықтар бойынша қарыздарыңызды төлесеңіз, өсімпұлдар мен айыппұлдар бет есептен алынып тасталады.

Сіздер, өздеріңіздің қарыздарыңыз бар немесе жоғы туралы мәліметті www.kgd.gov.kz «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қызметі арқылы немесе жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларынан білуіңізге болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы Сіздердің өтініш берулеріңіз арқылы қайтаруға жатады.

Құрметті аудан тұрғындары, осы салықтық рақымшылық шарасын пайдаланып, белсенділік көрсетуге баршаңызды шақырамыз.

Отырар ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Back to Top